KZ
KZ RU
07 қыркүйек 2017 16:16

ҚПЛ ойыншылары ұлттық құрамаларда

07 қыркүйек 2017 16:16
ҚКФЛ өздерінің ұлттық құрамаларында ойнаған қазақ клубтарының ойыншылары туралы хабарлайды. 
 
Іріктеу ойын. Қазахстан 0:3 Черногория
 
Серикжан Мужиков – 90 минут, сары қағаз; Роман Муртазаев – 90 минут; Дмитрий Шомко – 90 минут; Абзал Бейсебеков – 90 минут; Юрий Логвиненко – 90 минут; Асхат Тагыберген – 5 минут, ойын барысында алаңға шықты (барлығы «Астанадан»).
Исламбек Куат – 90 минут; Елдос Ахметов – 90 минут; Гафуржан Суюмбаев – 84 минутта ауыстырылды; Бауыржан Турысбек – 28 минутта ойынға қосылды; Георгий Жуков – 16 минутта ауыстырылды (барлығы «Қайраттан»).
 
Давид Лория – 90 минут («Ертіс»).
 
Мақсат Байжанов – 72 минутта алаңға шықты, сары қағаз алды («Қайсар»).
 
Азат Нұрғалиев – 61 минутта ауыстырылды, сары қағаз алды («Ордабасы»).
 
Қазақстан ұлттық құрамасының сапында Премьер-лиганың бес клубының ойыншылары өнер көрсетті – «Қайрат», «Астана», «Ордабасы», «Қайсар» и «Ертіс». Александр Бородюк ойыншылары Астанада 0:3 есебімен есе жіберді. Ұлттық құрама бапкерлік штабы Бауыржан Тұрысбекке Қазақстан сапындағы алғашқы ойынын өткізуге мүмкіндік берді.
 
 
 
Іріктеу ойын. Польша 3:0 Қазахстан
 
Роман Муртазаев – 90 минут; Дмитрий Шомко – 90 минут; Юрий Логвиненко – 90 минут, сары қағаз алды; Абзал Бейсебеков – 85 минутта ауыстырылды; Асхат Тагыберген – 85 минутта алаңға шықты (барлығы «Астанадан»).
 
Исламбек Куат – 90 минут, сары қағаз алды; Гафуржан Суюмбаев – 90 минут, сары қағаз алды; Елдос Ахметов – 90 минут (барлығы «Қайраттан»).
 
Давид Лория – 90 минут, Аслан Дарабаев – 90 минут (екеуіде – «Ертістен»).
 
Виктор Дмитренко – 90 минут, сары қағаз алды; Сергей Хижниченко – 90 минут (екеуіде – «Шахтердан»)
 
Бұл кездесуге ҚПЛ тек төрт командасының өкілдері қатысты. Сонымен қатар, бұл ойында бапкерлер тек бір рет ойыншы алмастырды.
 
 
 
Іректеу ойын. Грузия 1:1 Ирландия
 
Ника Квеквескири – 90 минут, сары қағаз алды («Тобыл»).
 
Өз алаңында болған Ирландияға қарсы ойынды қостанайлық команданың жартылай қорғаушысы 90 минут өткізді. «Атырау» сапында ойнайтын Квеквескиридің отандастары - Двалишвили мен Лобжанидзде - ойынға қатысқан жоқ.
 
Іректеу ойын. Австрия 1:1 Грузия
 
Ника Квеквескири – 90 минут («Тобыл»).
 
Владимир Двалишвили – соңғы 2 минутқа ойынға шықты («Атырау»).
 
Бұл кездесуге біздің Премьер-лиганың екі ойыншысы қатысты. Квеквескири толық ойынға қатысса, Двалишвили алаңға тек екі минутқа шықты.  
 
 
Іректеу ойын. Сербия 3:0 Молдова           
 
Игорь Бугаев – 9 минутқа алаңға шықты («Ертіс»).
 
Павлодарлықтардың шабуылшысы ойынға соңғы 10 минутқа қосылды.
 
Іректеу ойын. Молдова 0:2 Уэльс
 
Игорь Бугаев – 85 минутта алаңға шықты («Ертіс»).
 
Уэльспен болған ойында бас бапкер "Ертіс" шабуылшысына тек бес минут уақыт берді. Бұл аз ғана уақыт ішінде Игорь өз ойынымен көзге неге түспегені түсінікті. 
 
Іректеу ойын. Албания 2:0 Лихтенштейн
 
Аздрен Ллуллаку – 90 минут («Тобыл»).
 
"Тобылдың" ойыншысы 90 минут ойнап, өз құрамасына үш ұпай алуға көмектесті.
 
Іректеу ойын. Македония 1:1 Албания     
 
Аздрен Ллуллаку – бірінші таймнан кейін ауыстырылды («Тобыл»).
 
Сырт алаңда болған ойында Ллуллаку кездесуге негізгі құрамда шықты, бірақ үзілісте бас бапкер Аздренді алмастыруға шешім қабылдады.
 
 
 
Іректеу ойын. Люксембург 1:0 Беларусь 
 
Иван Маевский – 77 минутта ауыстырылды («Астана»).
 
Люксембургқа қарсы ойын белорустар үшін сәтті болмады. Маевский ұлттық командасы жеңіліс тапты, ал Иван ойынның аяғына таман ауыстырылды. 
 
 
 
Іректеу ойын. Венгрия 3:1 Латвия
 
Акош Элек – 74 минутта алаңға шықты («Қайрат»).
 
"Қайраттың" жартылай қорғаушысы тек екінші таймның екінші жартсында ойынға қосылды. Бұл ойында Бернд Шторк командасы қолайлы есепке қол жеткізді. 
 
Іректеу ойын. Венгрия 0:1 Португалия
 
Акош Элек – кездесудің 67 минутында ауыстырылды, сары қағазға ие болды  («Қайрат»).
 
Өз алаңында болған ойында Элек бірінші минуттан ойнады. Венгрлар Еуропа чемпиондарымен болған ойында өздерін жақсы жағынан көрсете білді.
 
 
 
Іректеу ойын. Литва 0:3 Шотландия
 
Георгас Фрейдгеймас – 90 минут («Оқжетпес»).
 
Артурас Жулпа – 68 минут, заменен («Тобыл»)
 
Шотландияға қарсы ойында Литва ұлттық құрамасы сапында екі Премьер-лига өкілі шықты. "Оқжетпес" қорғаушысы Фредгеймас толық ойын ойнады, ал Жулпа бір сағаттан кейін ауыстырылды. 
 
 
 
Іректеу ойын. Китай 1:0 Өзбекстан        
 
Александр Гейнрих – 86 минутта алаңға шықты («Ордабасы»).
 
Шымкенттік команданың шабулшысы тек төрт минутқа алаңға шықты. Мұндай тығыз уақыт ішінде Гейнрих өз командасына көмектесе алмады.
 
Іректеу ойын. Өзбекстан 0:0 Корея
 
Александр Гейнрих – 68 минутта алаңға шықты  («Ордабасы»).
 
Кореяға қарсы Александр алде қайда көп уақыт ойнады. Өзбекстанға, үшінші орынға ілігіп, басқа топтарда осындай нәтиже қол жеткізген командалармен Ресейге апаратын жолдамаға таласу үшін, жеңу қажет болды, бірақ алаң иелері қарсылас команда қақпасына доп соға алмады. 
 
 
 
Іректеу ойын. Тунис 2:1 Конго ДР          
 
Джуниор Кабананга – 90 минут («Астана»).
 
Елордалық клубтың шабуылшысы ойынның басынан аяғына дейін ойныды, бірақ Джуниор өзінің командасын жеңілістен құтқара алмады. 
 
Іректеу ойын. Тринидад и Тобаго 1:2 Гондурас
 
Шелдон Бато – 90 минут («Қайрат»).
 
«Қайрат» қорғаушысы өзінің командасын Гондураспен болған ойында бірнеше рет құтқарып қалды, бірақ алаң иелері ұпай жинай алмады.
 
Іректеу ойын. Панама 3:0 Тринидад и Тобаго     
 
Шелдон Бато – 90 минут, сары қағаз алды («Қайрат»).
 
Бұл ойында Тринидада және Тобаго қорғанысына әлде қайда қиын болды. Алматылық клубтың ойыншысы сары қағазға ие болды.