KZ
KZ RU
11 қараша 2018 19:08

Премьер-лига-2018 қорытындысы

11 қараша 2018 19:08

11 қараша күні Қазақстан Республикасы Чемпионатының шешуші туры өтті.

«Астана» командасы қатарынан бесінші рет ел чемпионы атанды. Елордалық ұжым 77 ұпай жинады. Доп айырмашылығы 66-22.

Екінші орынды 62 ұпай жинаған алматылық «Қайрат» иеленді.

Чемпионаттың қола жүлдесі қостанайлық «Тобылға» бұйырды. Олардың қоржынында – 53 ұпай.

Маусым қорытындысы бойынша «Астана» Чемпиондар Лигасының іріктеу кезеңіне қатысады. Ал, «Қайрат» пен «Тобыл» келесу жылы Еуропа Лигасының іріктеу кезеңінде сынға түседі.

Еуропа Лигасының үшінші жолдамасы 24 қараша күні өтетін Қазақстан Кубогының финалынан кейін анықталады. Шешуші ойында «Қайрат» пен «Атырау» кездеседі.

Чемпионатты оныншы орында аяқтаған «Ертіс» келесі маусымда Премьер-лигада ойнау құқығын беретін өтпелі ойындарға қатысады. Бірінші лиганың үшінші командасы «Қыран» қарсылас атанбақ. Бірінші матч 16 қараша күні Шымкентте өтеді, ал қарымта ойын 20 қараша күні Павлодарда ойналады.

Премьер-лигамен петропавлдық «Қызыл-Жар СК» және оралдық «Ақжайық» қош айтысты. Олар турнир кестесінде соңғы екі орынға тұрақтаған еді.

Маусымның ең үздік сұрмергені атағын «Ақтөбенің» шабуылдаушы жартылай қорғаушысы Маркос Пиззели иеленді. Ол Премьер-лигада 18 гол соқты.