KZ
KZ RU
05 ақпан 2019 14:55

Премьер-Лига-2019 күнтізбесінің жеребесі туралы ақпарат

05 ақпан 2019 14:55

Қостанайда 11 ақпан күні Премьер-лига клубтары арасында 2019 жылғы маусымдағы Қазақстан Чемпионатының 1 және 2 айналым күнтізбесінің жеребесі тартылады.

Шараға футбол клубтарының жетекшілері қатысады. Олар өз командаларына сан таңдайды. Сол сан арқылы ойын кестесі құрылады.

Жеребе тарту рәсімінің басты деректері:
 
- 1 және 2 айналымның ойындары сандық түрде құрылған (22 тур)
 
Бірінші турдың ойындарының үлгісі:
1 – 2, 4 – 3, 6 – 5, 8 – 7, 10 – 9, 12 – 11.
 
 - Жеребе тарту рәсімінде командалар үш топқа бөлінеді: 1 топ («Астана»), 2 топ («Қайрат», «Тобыл», «Ордабасы», «Жетісу», «Қайсар»), 3 топ («Ақтөбе», «Шахтер», «Атырау», «Ертіс», «Оқжетпес», «Тараз»).
 
- Әр команданың өкілі саны бар шарды таңдайды. Команданың өкілдері 2018 жылғы маусымның спорттық қорытындысы бойынша шақырылады (Премьер-лига және Бірінші лига).
 
- Нөмірленген шарлар (1-12) үш себетке орналастырылады.
 
 - Алғашқы себетке «10» және «12» нөмірдегі шарлар салынады. Бұл 2019/2020 жылғы Чемпиондар Лигасының қатысушысы (ФК «Астана») мен 2019/2020 жылғы Еуропа Лигасының қатысушыларының (ФК «Кайрат», ФК «Тобол», ФК «Ордабасы») еурокубоктық іріктеу кезеңінде (18-22 турлар) өзара ойын өткізубеу үшін жасалды.
 
- Екінші себетке «1», «4», «6», «8», «10»/«12» («Астананы» таңдағаннан кейін қалған сан) нөмірлері бар шарлар салынады. Бұл командалар екіншті топты өкілдері («Қайрат», «Тобыл», «Ордабасы», «Жетісу», «Қайсар»). Олардың барлығы «Астанамен» бірге алғашқы турды өз алаңында өткізеді.
 
- Үшінші себетке «2», «3», «5», «7», «9», «11» сандары орналастырылады. Үшінші топтың өкілдері («Ақтөбе», «Шахтер», «Атырау», «Ертіс», «Оқжетпес», «Тараз»). Бұл командалар чемпионатты сырт алаңда бастайды.