Премьер-лига басталды
«Шахтер» мен «Қайсар» арасындағы матч бүгін өтеді, сондықтан бірінші турдың бағдарламасы толығымен аяқталды деп санауға әлі ертелеу. Осы жекпе-жекті есептемегенде, алғашқы турда 7 гол есепке алынды, дегенмен ешбір кездесуде екіжақтың голы қатар болмағандығын айта кетелік. Барлық бес матч та «құрғақ» жеңіспен тәмамдалды. Яғни, бірден бес қақпашы өз қақпасын үздік қорғады, олар – «Ертістен» Давид Лория, «Ақтөбеден» Андрей Сидельников», «Ордабасынан» Роман Нестеренко, «Востоктан» Кирилл Прядкин және ең соңғысы «Жетісудан» Сергей Степаненко.
Маусымның алғашқы голы «Тобылға» қарсы ойнап, 33-інші минутта есеп ашқан шымкеттік Азат Нұрғалиевтің еншісінде. Қорытындысында, аталмыш гол бұл матчтағы жалғыз гол болып қалды. Ал «Тараздық» қорғаушы Дамир Мемишевич «Ертіспен» кездесудің 15-інші минутында өз қақпасына гол салып алып, алғашқы автоголдың авторы атанды.
Бес матчтағы 7 голдың 3–еуі Қазақстан құрамасы ойыншыларының қанжығасын майлады. «Локомотивтік» Серикжан Мужиков пен Сергей Остапенко төмен ойын өрнегін көрсетсе, керісінше, Азат Нұрғалиев, өзінің бұрынғы командасы «Тобылдағыдан» басқа биік ойын деңгейіне көтерілгені анық.
Тур бойынша ойыншыларға барлығы 21 ескерту карточкасы көрсетілді. Бұл жерде де, «Шахтер» - «Қайсар» кездесуін есепке алмаймыз. Ең көп тәртіп бұзушылар «Тобыл» мен «Естіс» командасынан, олардың еншісінде 5 ескерту бар.
Әр матчтың өз қызықтарына байланысты, бұл турдағы орталық матчты анықтау қиын болды. Жеңімпазды да алдын ала тану мүмкін емес еді. Тек «Жетісудің» еш қиналмай «Локомотивті» Астана қаласының өзінде жеңіп кеткені болмаса, ешқандай сенсация да болмады.
Чемпион чемпионатты жеңіліспен бастады. Суперкубоктағы «Локомотивке» қарсы ауыр ойыннан соң, «Тобыл» Шымкентке барып қайтты. Жергілікті «Ордабасы» кейбір позицияларды ғана күшейтіп, негізгі команда құрамын сол күйінде қалдырған. Сондықтан, шымкенттіктер құрамында өткен жылдан тек бес ойыншы қалған «Тобылға» қарағанда тәжірибелі команда болып көрінді.
Турнир кестесі бүгін «Шахтер» мен «Қайсар» ойынынан соң нақты анықталады. Бұрын хабарлағанымыздай, бұл кездесу Астана қаласында, «Астана-Арена» стадионында өтеді. Басталуы сағат 17:30.