KZ
KZ RU
27 наурыз 2016 13:23

ПРЕМЬЕР-ЛИГА ФУТБОЛШЫЛАРЫ ӨЗ ҚҰРАМАЛАРЫ ҮШІН ОЙНАДЫ

27 наурыз 2016 13:23
FIFA күндеріне байланысты чемпионаттағы үзіліс кезінде көптеген ұлттық командалар жолдастық кездесулер өткізген болатын. Премьер-Лиганың кейбір өкілдері осы матчтарда өз мемлекеттері үшін ойнады.
 
«Астана»
Қазақстанның қазіргі чемпионының футболшысы Неманья Максимович Сербияның ұлттық құрамасы үшін дебютпен шығып, Польша командасымен жолдастық матчын өткізген болатын. Ойын 1:0 есебімен поляктардың пайдасына жеңіспен аяқталды. «Астананың» хавбекі алаңға 73-ші минутта шыққан болатын.
 
 
Елордалық команданың тағы бір ойыншысы – қорғаушы Марин Аничич та Босния мен Герцеговинаның ұлттық құрамасының құрамында өзінің бірінші матчын өткізді. Люксембург құрамасына ұарсы өткен жолдастық кездесуі босниялық ойыншылардың пайдасына 3:0 есебімен аяқталды. Аничич бастапқы құраммен шығып, алаңда барлық 90 минут өткізді.
«Астана» ойыншыларының бір тобы Әзербайжан және Грузия командаларымен жолдастық матчтарын өткізу үшін Қазақстан құрамасына аттанды. Осы кездесуге «Астана» құрамасынан келесі ойыншылар шақырылды: қорғаушылар Абзал Бейсебеков, Юрий Логвиненко және Дмитрий Шомко; жартылай қорғаушылар Асхат Тағыберген және Серікжан Мужиков; шабуылшы Алексей Щеткин. Әзербайжан құрамасымен өткен матч кезінде Логвиненко мен Шомко толық матч ойнады, Тағыберген 88-ші минутта, ал Щеткин 71-ші минутта шықты. Серікжан Мужиков алаңда 76 минут өткізді. Абзал Бейсебеков матчқа қатысқан жоқ.
 
«Қайрат»
Алматылық «Қайраттың» өкілі Анатолий Тимощук Украинаға құрамасының матчына қатысып, Кипр құрамасымен кездесіп, 1:0 минималды есебімен жеңіске жетті. Тимощук алаңға матчтың 72-шы минутында шығады.
 
Қазақстанның ұлттық құрамасының құрамына алматылық команда қақпашы Владимир Плотников, қорғаушы Ермек Қуантаев, жартылай қорғаушылар Бауыржан Исламханды және Исламбек Қуатты жіберген болатын.
 
«Ақтөбе»
«Ақтөбе» капитаны Самат Смаков Әзербайжан және Грузияға қарсы өтетін матчтарға қатысу үшін Қазақстанның ұлттық құрамасының құрамына аттанды. Әзербайжанға қарсы кешегі матч кезінде Самат алаңда барлық 88 минут өткізді.
 
«Ордабасы»
«Ордабасының» өзбекстік жартылай қорғаушы Александр Гейнрих Әлем чемпионатының 2018 жылғы азиялық іріктеу додасының екінші раундында Филиппины командасына қарсы матчты өткізген Өзбекстан ұлттық құрамасына қарсы ойынға қатысқан еді. Гейнрих алаңға 59-шы минутта шықты. Өзбекстан құрамасы минималды есеппен жеңіске жетті – 1:0.
 
Шымкенттік команданың үш футболшысы Қазақстанның ұлттық құрамасына аттанға еді. Әзербайжанға қарсы матч кезінде Азат Нұрғалиев алаңға 64-шы минутта, ал Гафуржан Суюмбаев 76-шы минутта шықты. Орталық қорғаушы Мухтар Мухтаров қосымшалар орындығында қалды.
 
«Атырау»
Қазақстан құрамасының былтырғы матчына «Атырау» командасының жартылай қорғаушысы Ұлан Қоңысбаев та қатысып, алаңда 67 минут өткізіп, содан кейін оны Тимур Досмағамбетов ауыстырған болатын.
 
«Иртыш»
Павлодарлықтардың литвалық қорғаушысы Георгас Фрейдгеймас Димитар Димитровтың командасын былтырғы маусым аралықта толықтырып, Литва құрамасының матчтарына қатысқан еді. Румыния құрамасына қарсы барлық 90 минут өткізді, ал Ресеймен кездесу кезінде ойыншы қосымшалар құрамында қалды.
 
«Иртыштың» ойыншылары да Қазақстан құрамасын нығайтқан еді. Қорғаушылар Сергей Малый және Елдос Ахметов Әзербайжанға қарсы толық матч ойнады.
 
«Тобол»
Қостанайлық команданың литвалық жартылай қорғаушысы Артурас Жулпа Литва құрамасының құрамында Румыния командасына қарсы барлық 90 минут өткізіп, осы ойын румыниялық команданың пайдасына 1:0 есебімен аяқталды. Ресей құрамасымен матч кезінде де Жулпа толық матч ойнады. Осы кездесу кезінде литвалықтар 0:3 есебімен ұтылды.
 
 
Қазақстанның ұлттық құрамасына «Тоболдан» жартылай қорғаушы Тимур Досмағамбетов және шабуылшы Сергей Хижниченко барды. Біріншісі ауысуға 67-ші минутта шықса, екіншісі бастапқы құраммен шығып, 71 минут бойы ойнады.
 
«Оқжетпес»
Көкшетаулықтар құрамынан Қазақстан құрамасына жартылай қорғаушы Жақып Қожамберды шақырылған болатын. «Оқжетпес» хавбекі Әзербайжан құрамасына қарсы матчқа қатысқан жоқ.
 
«Шахтер»
Әзербайжанмен өткен матч кезінде Қазақстан құрамасының жалғыз және жеңіске әкелген голын «Шахтердің» жартылай қорғаушысы Мақсат Байжанов соққан еді, соңғысы ұзақ үзілістен кейін ғана ұлттық команданың түстерін қорғауға шақырылған еді.
 
 
Суреттер: sport.blic.rs, zn.ua, sportbox.az, the-uff.com, vesti.kz