KZ
KZ RU
11 қаңтар 2017 14:54

Премьер-Лига өкілдерінің қатысуымен онлайн-конференция өтті

11 қаңтар 2017 14:54

Болашақ маусымның күнтізбесі, оған байланысты пікірлер мен сұрақтар алғаш рет интерактивті формада клубтардың басшыларымен талқыланды.

Конференция барысында 2017 жылғы күнтізбенің бірнеше үлгілері ұсынылды. Дискуссиядан кейін нақты күнтізбе бекітіліп, жарық көреді.

Қазақстан намысын еурокубоктық додаларда қорғайтын клубтар – «Астана», «Қайрат», «Ертіс» және «Ордабасы» үшін болашақ маусымның басында қосымша күндер қарастырылған. Олар еурокубоктық ойындар өтетін жазғы уақытта командаларды жеңілдену үшін арналған.

Қазақстан Кубогының финалын облыс орталықтарының бірінде өткізуге оң жауап берілген. Басқа маусымдарға қарағанда, осы жылы шешуші ойын маусым аяқталғанға дейін өткізілмек. Бұл шешім клубтардың жарысқа қызығушылығын арттыру үшін қабылданған.

Кездесу барысында Қазақстан футбол федерациясының Құрамалар департаментінің басшысы Ғани Қайназаровтың 26 наурыз күні өтетін Арменияға қарсы ойынға сәтті дайындалу мақсатында клубтарға бірнеше ұсыныс жасады.

2017 жылғы күнтізбе жайлы сұрақтардың шешімін ҚКФЛ жақында қабылдайды.