KZ
KZ RU
18 мамыр 2019 10:25

Премьер-лига клубтары әлеуметтік акцияға қатысады

18 мамыр 2019 10:25

Қоғам назарын ішектің қабынуына шалдыққан науқастарға бұру мақсатында, жыл сайын 35 елдің басын қосатын Науқастар ұйымының бастамасымен 19 мамыр – Дүниежүзілік ІҚА күні деп белгіленген. Бұл күннің ресми түсі – күлгін. Атаулы күні әлемде осы ауыр сырқатпен өмір сүріп отырған бес миллион адамды қолдау көрсетіледі.

 
ІҚА ауыратын науқастарға тілектестік белгісі ретінде 18-19 мамырда Қазақстан Премьер-лиганың 240 футболшысы күлгін түсті байлауышпен алаңға шығатын болады.