12 желтоқсан 2018 16:21
Премьер-лига клубтарының баспасөз қызметтерінің жұмысы қорытындыланды
12 желтоқсан 2018 16:21
Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасы 2018 жылғы маусымның қорытындысы бойынша Премьер-лига клубтарының баспасөз қызметтерінің жұмысы түйіндеді.
Маусым бойы баспасөз қызметтерінің жұмыс көлемі мен сапасын анықтайтын Техникалық ереже бойынша рейтинг жүргізілді.
Техникалық ереженің бесінші бабына сәйкес, матч туралы мәтін жазбалары, фотобаян және ойынға қатысқан екі футболшының сұхбаты кездесу аяқталғаннан кейін тәулік ішінде жариялануы тиіс. Сонымен қатар, мұндай талап Екінші лига командаларының өз алаңында өткен ойындарына да қолданылды.
Маусым қорытындысы бойынша «Астана» мен «Ордабасы» футбол клубтарының баспасөз қызметтері бас жүлдені өзара бөлісті. Ал, үздік үштікті «Ақтөбе» футбол клубының баспасөз қызметі түйіндеді.
Техникалық ереженің талабын орындау бойынша баспасөз қызметтерінің рейтингі:
1-2. «Астана» - 424 ұпай
1-2. «Ордабасы» – 424 ұпай
3. «Ақтөбе» - 422 ұпай
4. «Қайрат» - 415 ұпай
5. «Жетісу» - 408 ұпай
6. «Тобыл» - 344 ұпай
7. «Шахтер» - 301 ұпай
8. «Ертіс» - 249 ұпай
9. «Атырау» - 177 ұпай
10. «Ақжайық» - 153 ұпай
11. «Қайсар» - 139 ұпай
12. «Қызыл-Жар СК» - 108 ұпай
«YouTube» әлеуметтік желісіндегі әр клубтың ресми арнасында жарияланған бейнебаяндар бойынша қосымша рейтингтің де нәтижесі белгілі болды. Биыл бейнематериалдардың саны мен сапасы артқаны байқалады. Апта ішінде жарияланған бейне материалдың саны мен ұзақттығы есепке алынды. Бұл рейтингте «Ақтөбе» футбол клубының баспасөз қызметі көш бастады.
Бейнематериалдармен жұмыс бойынша баспасөз қызметтерінің рейтингі:
1. «Ақтөбе» - 579 ұпай
2. «Жетісу» – 464 ұпай
3. «Қайрат» - 415 ұпай
4. «Астана» - 346 ұпай
5. «Тобыл» - 183 ұпай
6. «Қайсар» - 142 ұпай
7. «Ертіс» - 138 ұпай
8. «Ақжайық» - 90 ұпай
9. «Шахтер» - 74 ұпай
10. «Қызыл-Жар СК» - 62 ұпай
11. «Ордабасы» - 57 ұпай
12. «Атырау» - 30 ұпай
Басқа жаңалықтар