Премьер-лига клубтарының маркетологтары ресейлік Локомотив ФК сапар шегеді
Қазақстан Кәсіпқой футбол Лигасы (ҚКФЛ) еліміздің клубтарында маркетинг бағытын дамуын қолдап, алғаш рет коммерциялық қызметтер өкілдеріне тағылымдама ұйымдастырды.
Ресейлік "Локомотив" ФК-мен алдын ала келісім арқасында, қазақстандық клубтардың үш маркетологтары мәскеулік клубта ресми түрде қонақта болады.
Бұл сапарға іріктеу Премьер-лига клубтарының 2017 жылғы маусымдағы Қазақстан Чемпионатының Бас демеушісі - "Технодом" компаниясы - алдында міндеттемелерді орындау негізінде жүргізілді.
Клубтарды маусымның басында ескерткен жағдайларды орындау нәтижесінде рейтинг пайда болды. Бұл жағдайларды орындау барысында клубтар Чемпионат ойындары кезінде "Технодом" брендін жарнамалау шарттарын орындады.
Нәтижелерді қорытындылау кезінде рейтингтің көшбасшылары болып "Қайсар", "Ертіс" және "Ордабасы" футбол клубтарының маркетологтары атанды. Олар тәжірибе алмасу мақсатында тамыз айында Ресейдің ең үздік клубтарының біріне Мәскеуге сапар шегеді.
Айта кетейік, өтіп жатқан жылы ҚКФЛ еліміздің футбол клубтарының әр түрлі саладағы қызметтері үшін алғаш рет оқыту бағдарламаларын ұйымдастыруда белсенді жұмыс жасай бастады. Ертеректе Алматыда еліміздің футбол алаңдарының агрономдарына семинар өткізілген, сонымен қатар дәл осындай тәжірибе алмасу шарасы клубтардың маркетинг қызметтеріне ұйымдастырылған.