KZ
KZ RU
10 қараша 2019 17:42

Премьер-лига қорытындысы

10 қараша 2019 17:42

10 қараша күні Премьер-лига клубтары арасында футболдан 2019 жылғы Қазақстан Республикасы Чемпионатының соңғы туры өтті. 

 
Ел чемпионатының аяқталуына бір тур қалғанда «Астана» чемпион атанды. Елордалық клуб алтыншы жыл қатарынан чемпиондық атақты ешкімге бермей келеді. 2019 жылғы маусымда «Астана» футболшылары 69 ұпай жинап, 67 гол соқты. 
 
Алматылық «Қайрат» ел чемпионатының күміс жүлдесін иеленді. Олардың еншісінде 68 ұпай. 
 
Шымкенттік «Ордабасы» футбол клубы қола жүлдені жеңіп алды.