19 ақпан 2018 16:07
Премьер-лига ОЖЖ-да. 15 және 18 ақпан аралығындағы жолдастық кездесулерге шолу
19 ақпан 2018 16:07
«Ақжайық»
Сенбі күні оралдық клуб өзінің өткен аптадағы үшінші кездесуін өткізді. Армяндардық «Ширақ» командасымен болға кездесуде «Ақжайық» жеңіске жетті. Оралдықтарға жеңісті сыйлаған Адеринсола Эсеола.
«Астана»
Еуропа Лигасының 1/16 финалының қарымта кездесуіне Португалияда дайындалып жатырған «Астана» жолдастық кездесуде жергілікті «Реал» командасымен ойнады.
Матч 4:2 есебімен елордалық ұжымның пайдасына аяқталды. «Астана» сапында голдарды Клайнхайслер (дубль), Перцух және Томасов соқты.
«Ертіс»
Павлодарлықтар өзінің спаррингін кеше өткізді. Қарсылас ретінде Ресейдің танымал клубы – «Ахмат» атанды.
Ойын тартысты өтіп, 1:1 есебімен аяқталды. Қазақстандық ұжым сапында голды пенальтиден нигериялық Фуад Салами.
«Қайрат»
Алматылықтар Шелдон Батоның соққан жалғыз добының арқасында грузиндық «Торпедо» командасын минималды есеппен жеңді – 1:0. Бұл матч «Қайраттың» өткен аптадағы екінші жолдастық кездесуі болған еді.
«Қайсар»
Қызылордалықтар өткен аптаның ортасында грузиндардың «Шукура» командасына есе жіберді – 1:3. «Қасқырлардың» жалғыз голын өзінің оптималды қалпына жақындап қалған шабуылшы Аркин соқты.
Кеше Стойчо Младенов жігіттері украиндық «Колос» командасымен ойнаған болатын. Бұл кездесу де қазақстандықтардың пайдасына аяқталмады – 0:2.
«Ордабасы»
Шымкенттік ұжым өзінің дайындықтарын ресейлік «Балтика» клубымен болған спаррингте тексерді. Кездесуде жеңімпаз анықталмады – 0:0.
«Шахтер»
«Кеншілер» сербиялық «Пролетер» клубымен тең тарасты – 1:1. «Шахтер» құрамында допты «Тараздың» бұрыңғы шабуылшысы Жан-Эд Морис соқты. Морис қарағандылықтардың сапында қаралымда жүр.
Фото: "Қайрат" ФК баспасөз-қызметі
Басқа жаңалықтар