KZ
KZ RU
22 ақпан 2018 17:11

Премьер-лига ОЖЖ-да. 19 және 21 ақпан аралығындағы жолдастық кездесулерге шолу

22 ақпан 2018 17:11
 «Ақжайық»
Кезекті даярлық аптасын оралдықтар лавтиялық «Спартак» командасын жеңумен бастады – 1:0. Жеңіс добын Мазяр командасының ОЖЖ-дағы үздік сұрмергені атанған Адеринсола Эсеола соқты.
 
«Атырау»
«Мұнайшылар» соңғы ОЖЖ-дағы бірінші жолдастық кездесуін өткізді. Вахид Масудов командасы ресейлік «Орынборды» ойсырата ұтты – 3:0. «Атырау» құрамында голдарды Зенькович, Абдрахманов және Бабатунде соқты.
 

«Жетісу»
Талдықорғандықтар кезекті жолдастық ойында «Атырау» секілді қарсылас қақпасын 3 рет дәл көздеді. Бірақ бұл доптар Дания мемлекетінің кішігірім «Тистед» командасының қақпасына кірді.  
 
«Ертіс»
Павлодарық ұжым ресейлік «Кубань» клубымен ойын өткізді. Көршілер минималды есеппен басым түсті – 0:1. Голды ертіс ойыншылары қарсыластың жылдам қарымта шабуылынан кейін жіберіп алды.  
 

«Қайсар»
Түркия жеріндегі кезекті жұмыс аптасы қызылордалықтар үшін жағымды болмады. Бұл жолы Стойчо Младенов жігіттері украиналық «Десна» командасынан жеңіліс тапты. «Қайсар» ойынның басынан аяғына дейін басымдылық көрсетті, қарсылас қақпасының маңында бірнеше қауіпті сәттерге ие болды, алайда жеңілді – 0:2.  
 
«Қайрат»
Алматылықтардың қарсыласы басқаларға қарағанда мықты болды – Феррер командасына қарсы ресейлік «Арсенал» өнер көрсетті. Ойын нәтижелі болмады, сондықтанда кездесу соңындағы таблодағы нөлдер ешкімді таңқалдырмады.
 


«Қызыл-Жар СК»
Петропавлдықтар «Атырау» ойнаған командамен күш сынасуға шешім қабылдады. Кездесу бір күнде өтті.  
 
«Орынбор» ойыншылары есепті кездесудің алғашқы минуттарында ашып үлгерді, бірақ екінші кезеңде Виктор Гунченко қарымта гол соқты – 1:1. Жолдастық кездесудің соңында «Қызыл-Жар» қақпашысы Антон Цирин 11-метрлік айып добын тамаша қайтарып, өз командасын жеңілістен құтқарып қалды.   
 

 

«Ордабасы»

«Ордабасының» кезекті қарсыласы болып сербиялық «Динамо» командасы атанды. Балкандықтар минималды есеппен жеңіске қол жеткізді – 1:2. Қазақстандық ұжым сапында голды Тимур Досмағамбетов соқты.