KZ
KZ RU
10 наурыз 2013 03:08

Премьер-лиганың 1-туры. Сандар сөйлейді

10 наурыз 2013 03:08

- Бірінші турда барлығы 25 гол соғылды. Оның 12-сі «Тобол» - «Астана» (5:1) және «Қайрат» - «Жетісу» (3:3) кездесулеріне тиесілі. Турдың ең нәтижелі ойындары.

- 25 голдың 8-і бірінші таймда, 17-сі екінші таймда соғылды.

 - Турда 3 пенальти белгіленіп, үшеуі де соғылды. 2013 жылдың бірінші пенальтиі Таразда белгіленді. Ойынның 39-шы минутында "Атырау" қорғаушысы Валентин Чуреев 11 метрден мүлт кетпеді. Одан кейінгі пенальтиді "Қайрат" - "Жетісу" кездесуінің 48-ші минутында талдықорғандықтардың шабуылшысы Әнуар Саламов соқты. Ал үшінші пенальтиді "Ертіс" сұрмергені Ұлықбек Бақаев ойынның 94-ші минутында "Ордабасы" қақпасына қақыратты.

- 2013 жылғы Премьер-лиганың бірінші нроын "Тараз" шабуылшысы Мирослав Лечич соқты. Ол ойынның 10-шы минутында "Атырау" қақпасын дәл көздеді.

- 2013 жылғы Премьер-лигада бірінші қызыл қағаздың авторы — "Ордабасы" қорғаушысы Мохамед Арури. Ол «Ертіспен» (1:3) болған кездесудің 39-шы минутында алаңнан қуылды..

- 2013 жылғы Премьер-лиганың бірінші автоголының авторы — "Астана" қорғаушысы Виктор Дмитренко. Ол "Тобылға" қарсы өткен ойынның 26-шы минутында өз қақпасына гол соғып алды.

- Бірінші турда үш футболшы екі голдан соқты. "Тараздың" жартылай қорғаушысы Мануэль Курто («Тараз» - «Атырау» 4:1), «Ақжайық» шабуылшысы Игорь Зенькович («Ақжайық» - «Шахтер» 3:0) және «Қайрат» шабуылшысы Момоду Сиссей («Қайрат» - «Жетісу» 3:3).

- Бірінші турдың ойындарын стадионнан барлығы 17 700 көрермен тамашалаған. Орта есеппен әр кездесуді 2950 адам стадионнан қарады деген сөз. Ең көп көрермен "Ақжайық" – "Шахтер" кездесуіне тиесілі. Яғни, 4000 көрермен. Ал ең азы "Восток" - "Ақтөбе". Небәрі 1200 адам тамашалаған.

- Төрешілер 30 рет сары қағаз көрсетті. Орта есеппен әр ойында 5 ескерту деген сөз. «Тараз» - «Атырау» және «Восток» - «Ақтөбе» кездесуінде жеті сары қағаздан көрсетілсе, "Тобол» - «Астана» матчында бір-ақ футболшы ескерту алған.