KZ
KZ RU
30 мамыр 2018 10:47

Премьер-лиганың 12-турының үздіктер құрамасы

30 мамыр 2018 10:47

Қазақстан Кәсіпқой футбол лигасы 2018 жылғы маусымдағы Премьер-лиганың он екінші турындағы үздіктер құрамасын назарларыңызға ұсынады:

Құрама ҚКФЛ серіктесі InStat компаниясының ойындарды сараптау көрсеткіштерінің негізінде құрылған.
 
Өткен турдың қорытындысы бойынша үздік он бір ойыншының тізімі келесідей:
 
Қақпашы: Ненад Эрич, «Астана».
 
Жарақатынан айығып, «Астананың» қатарына қосылған Ненад Эрич бірден командасын құтқаруға кірісті. «Жетісумен» өткен кездесудің қорытындысы бойынша Ненад Эрич қарсыластың бес соққысын қайтарып, екі рет жүз пайыздық голдың соғылуына жол бермеді. Ойын индексі – 271.
 
Сол жақ қорғаушы: Дмитрий Шмидт, «Ертіс»
 
Ақтөбеде Дмитрий Шмидт сеніп тапсырылған қапталда жақсы ойын көрсетті. Ол допқа таластың 89 пайызында жеңіске жетіп, пастарының дәлдігін 81 пайызға жеткізді. Ойын индексі – 252.
 
Орталық қорғаушылар: Ұлар Жақсыбаев, «Ордабасы»; Евгений Постников, «Астана».
 
«Қызыл-Жар СК» командасымен ойынға Ұлар Жақсыбаев жақсы дайындықпен келген. Жеңіс голы да 23 жастағы қорғаушының түзу пасынан кейін соғылды. Ойын индексі – 260.
 
Евгений Постников өткен турда мінсіз ойнады. Елордалық қорғаушы пастарының саны мен сапасы бойынша турдың үздік көшбасшысы атанды. Ойын индексі – 291.
 
Оң жақ қорғаушы: Игорь Шитов, «Астана».
 
Игорь Шитов «Жетісу» командасына қарсы жақсы ойнады. Жарақатына байланысты үзілістен қайта оралған қорғаушы InStat бағасы бойынша турдың ең үздік ойыншысы атағына лайық деп танылды.  Ойын индексі – 309.
 
Орталық жартылай қорғаушылар: Ника Квеквескири, «Тобыл»; Юрий Логвиненко «Астана».
 
«Шахтер» командасымен өткен ойында  «Тобылдың» грузиялық жартылай қорғаушысы орталық алаңда ойыды әдемі жүргізіп отырды. Пастарының дәлдігі – 86 пайыз. Ойын индексі – 267.
 
Орталық алаңда стратегиялық тапсырмаға жауап берген Юрий Логвиненко мүлдем қателеспеді. Оның пастарының саны – 130. Дәлдігі 88 пайызды құрады.
 
Сол жақ жартылай қорғаушы: Патрик Твумаси, «Астана».
 
Өткір шабуылды ойын бойы іздеген Патрик Твумаси алыстан бағыттаған әдемі соққысымен талдықорғандықтардың қақпасын дәл көздеді. Ойын индексі – 281.
 
Оң жақ қорғаушы: Исаэль, «Қайрат».
 
Атырауда бразилиялық шебер алдымен Андрей Аршавиннің гол соғуына көмектесті. Кейін бұрыштама добын голға айналдырып, жанкүйерлерді таңғалдырды. Ойын индексі – 284.
 
Шабуылдаушы жартылай қорғаушы: Маркос Пиззелли, «Ақтөбе».
 
«Ертіспен» өткен кездесуде Маркос Пиззелли ойынды қолға алып, маңызды голды соқты. Қақпаға төрт рет тура соққы бағыттап, қарсыластарын үш рет алдап өтті. Ойын индексі – 248.
 
Шабуылшы: Еркебұлан Тұңғышбаев «Ордабасы».
 
Еркебұлан Тұңғышбаев жеңіс голын соғып, жасыл алаңда көп жұмыс атқарды. Қызылжарлықтардың қақпасын қайта-қайта мазалап, қақпаға бес рет соққы бағыттады. Ойын индексі – 243.