KZ
KZ RU
01 маусым 2018 10:54

Премьер-лиганың 13-турының үздік голын таңдаймыз

01 маусым 2018 10:54
Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы жанкүйерлерге Қазақстан Чемпионатының он үшінші турының үздік голының авторын анықтауды ұсынады.
                          
Тартысқа толы болған өткен турда бірде бір ойында тең есеп тіркелмеді. Үш ойында алаң иелері жеңіске жетсе, үш ойында қонақтар жеңіс тойын тойлады. Жеңіске жеткен командалар екі доп айырмашылығынан артық үстемдік құра алмады. Голдардың саны өткен турдағы нәтижені қайталады. Алты кездесудің қорытындысы бойынша 13 гол соғылды. 9 гол - ойыннан, 3 гол - стандарттан соғылды. Біреуі - автогол. 
 
Сауалнамаға пенальтиден салынған голдар мен автогол қатыспайтынын қайталаймыз. Дауыс беру қорытындысы 4 маусым күні 16:00-де анықталады..
 
Төменде сауалнамаға кірген барлық голдардың видеосын көруге болады.
 
1. Эдгар Малакян голы (Жетісу - Шахтёр)

 
2. Патрик Твумаси голы (Қайсар - Астана)

 
3. Серікжан Мужиков голы (Қайсар – Астана)

 
4. Игорт Зенькович голы (Ордабасы – Атырау)

 
5. Бабатунде Аденидже голы (Ордабасы – Атырау)

 
6. Бауыржан Исламхан голы (Қайрат – Ақтөбе)

 
7. Маркос Пиззеллидің бірінші голы (Қайрат – Ақтөбе)

 
8. Маркос Пиззеллидің екінші голы (Қайрат – Ақтөбе)

 
9. Иво Иличевичтің голы (Қайрат – Ақтөбе)

 
10. Уго Сильвейра голы (Қайрат – Ақтөбе)

 
11. Милош Стаменкович голы (Ертіс – Ақжайық)

 

12. Братислав Пуношевац голы (Тобыл – Қызыл-Жар СК)