KZ
KZ RU
25 маусым 2018 10:27

Премьер-лиганың 15-турының үздік голын таңдаймыз

25 маусым 2018 10:27

Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы жанкүйерлерге Қазақстан Чемпионатының он бесінші турының үздік голының авторын анықтауды ұсынады.

Өткен демалыc күні жанкүйерлер 18 голдың куәсі болды. Қостанайда «Тобыл» мен «Ақтөбе» арасындағы кездесуде төреші үш пенальти белгіледі. Үшеуінде футболшылар мүлтіксіз орындады. Турдың ең нәтижелі ойыны ақ-қызылдардың жеңісімен аяқталды - 3:2. Ал, Талдықорғанда бір автогол соғылды. «Қызыл-Жар СК» шабуылшысы Братислав Пуношевац өз қақпасына гол соғып алды. 

Пенальтиден соғылған голдар мен автоголдар сауалнамаға қатыспайды. 

Дауыс беру қорытындысы 27 маусым күні сағат 11:00-де аяқталады.                           

Төменде сауалнамаға кірген барлық голдардың видеосын көруге болады:

1. Шотf Григалашвили голы (Жетісу - Қызыл-Жар СК)

 
2. Дэвид Мавутор голы (Жетісу - Қызыл-Жар СК)

 
3. Дамир Кояшевич голы (Шахтер-Атырау)

 
4. Марат Шахметов голы (Шахтер-Атырау)

 
5. Евгений Тарасов голы (Шахтер-Атырау)

 
6. Маркос Пиззеллидің бірінші голы (Тобыл – Ақтөбе)

 
7. Маркос Пиззеллидің екінші голы (Тобыл – Ақтөбе)

 
8. Малик Мане голы (Ордабасы – Ақжайық)

 
9. Еркебұлан Тұңғышбаев голы (Ордабасы – Ақжайық)

 
10. Иван Нагаев голы (Ордабасы – Ақжайық)

 
11. Думан Нәрзілдаев голы (Ертіс – Қайсар)

 
12. Исламбек Қуат голы (Қайрат – Астана)

 
13. Джордже Деспотович голы (Қайрат – Астана)

 
14. Роман Муртазаев голы (Қайрат – Астана)