KZ
KZ RU
24 шілде 2018 18:14

Премьер-лиганың 19-турының үздіктер құрамасы

24 шілде 2018 18:14
Қазақстан Кәсіпқой футбол лигасы 2018 жылғы маусымдағы Премьер-лиганың он тоғызыншы турындағы үздіктер құрамасын назарларыңызға ұсынады:
 
Құрама ҚКФЛ серіктесі InStat компаниясының ойындарды сараптау көрсеткіштерінің негізінде құрылған.
 
Өткен турдың қорытындысы бойынша үздік он бір ойыншының тізімі келесідей:
 
Қақпашы: Андрей Пасеченко, «Атырау»
 
«Ақжайықпен» ойында Андрей Пасеченко қақпасына гол жібермеді. Мұнайшылардың қақпашысы екі соққыны қайтарып, бір рет сейв жасады. Ойын индексі – 231.
 
Сол жақ қорғаушы: Дмитрий Шомко, «Астана»
 
Үздіктер құрамасына сәуір айында өткен 19-турдың «Қызыл-Жар СК» мен «Астана» ойыны да есепке алынды. Сол ойында Дмитрий Шомко қызылжарлықтардың 14 пасын тоқтатып, 4 шешуші пас шығарды. Ойын индексі – 244.
 
Орталық қорғаушылар: Евгений Ткачук, «Шахтер»; Рафкат Аслан, «Ертіс»
 
Евгений Ткачук стандартта көмекке келіп, шеберлігінің арқасында таразы басын теңестірді. Украиналық қорғаушы гол соғып, нәтижелі пастың авторы атанды. Пастарының дәлдігі – 98 пайыз. Ойын индексі – 258.
 
«Ертіс» сапында Рафкат Аслан нәтижелі ойын көрсетті. Ол қорғаныста сауатты ойнап, допқа таластың 80 пайызында жеңіске жетті. Ойын индексі – 245.
 
Оң жақ қорғаушы: Ілияс Әмірсейітов, «Қайсар»
 
Қарағандыда Ілияс Әмірсейітов оң қапталда көп жұмыс атқарды. Қорғаушы кеншілерден тоғыз рет допты тартып алды. Сонымен қатар, қараусыз қалған тоғыз допты иемденіп кетті. Ойын индексі – 228.
 
Орталық жартылай қорғаушылар: Джаба Канкава, «Тобыл»; Марат Шахметов «Шахтер»
 
Джаба Канкава кезекті рет жоғары шеберлігін дәлелдеді. «Ертіспен» ойында жартылай қорғаушының статистикасы өте жоғары болды. Пастарының дәлдігі – 84 пайыз. Допқа талас көрсеткіші – 78 пайыз. Дриблинг саны – 4. Турдың ең үздік ойыншысы атағын иеленді. Ойын индексі – 286.
 
Өткен турда Марат Шахметов орталық алаңда көп жұмыс атқарды. Оның бұрыштама добынан соққан голы кеншілерге бір ұпай алып берді. Пастарының дәлдігі – 85 пайыз. Ойын индексі – 257.
 
Сол жақ жартылай қорғаушы: Патрик Твумаси, «Астана»
 
«Қызыл-Жар СК»-«Астана» матчы үш ай бұрын болғанына қарамастан, жанкүйерлердің сол кездесудің қаһармандарын жақсы біледі. Патрик Твумаси қызылжарлықтардың қақпасына екі гол соққан болатын. Ойын индексі – 283.
 
Оң жақ жартылай қорғаушы: Самат Жарынбетов, «Тобыл»
 
Самат Жарынбетов оң қапталда керемет ойын көрсетті. Қорғаныс пен шабуылды қатар алып жүрді. Пастарының дәлдігі – 76 пайыз. Бір гол соқты. Ойын индексі – 265.
 
Шабуылшылар: Игорь Зенькович, «Атырау»; Дамир Кояшевич «Шахтер»
 
«Атырау» өз алаңында «Ақжайықтан» айласын асыра алды. Мұнайшылардың шабуылшысы Игорь Зенькович «гол+пас» жүйесінде екі ұпай жинады. Пастарының дәлдігі де жаман емес – 76 пайыз. Ойын индексі – 243.
 
«Қайсардың» қорғанысына маза бермеген Дамир Кояшевич қарсыластың айып алаңында пайдалы жұмыс атқарды. Черногориялық футболшы қақпаға бірнеше мәрте соққы бағыттады. Қарсыласын 11 рет алдап өтті. «Қайсар» футболшылары кеншілердің ойыншысына қарсы 8 рет тәртіп бұзды. Ойын индексі – 237.