KZ
KZ RU
01 тамыз 2018 17:40

Премьер-лиганың 20-турының үздіктер құрамасы

01 тамыз 2018 17:40

Қазақстан Кәсіпқой футбол лигасы 2018 жылғы маусымдағы Премьер-лиганың жиырмасыншы турындағы үздіктер құрамасын назарларыңызға ұсынады:

Құрама ҚКФЛ серіктесі InStat компаниясының ойындарды сараптау көрсеткіштерінің негізінде құрылған.

Өткен турдың қорытындысы бойынша үздік он бір ойыншының тізімі келесідей:

Қақпашы: Ненад Эрич, «Астана»

Турдың ең үздік қақпашысы атағын «Астананың» капитаны Ненад Эрич алды. Ол жүз пайыз тура пас беріп, қарсыластың екі соққысын қайтарды. Қақпадан үш рет сәтті шығып ойнады. Ойын индексі - 247.

Сол жақ қорғаушы: Дмитрий Шомко, «Астана»

Дмитрий Шомко үздіктер құрамасына әр турда енуге үмітті. Бұл жолы латераль «Атырау» командасымен өткізген ойында қарсыластың 12 пасын тоқтатып, қараусыз қалған допқа 7 рет бірінші жетті. Қарсыластың айып алаңына төрт рет пас шығарды. Пастарының дәлдігі – 90 пайыз. Ойын индексі – 229.

Орталық қорғаушылар: Сергей Малый, «Астана»; Иван Граф, «Қайсар»

«Атыраумен» өткен ойында Сергей Малый елордалық команданың қорғанысын берік ұстап, айып соққылары мен бұрыштама доптарында шешуші рөл атқарды. Орталық қорғаушы алғашқы бұрыштама добында Юрий Логвиненконың гол соғуына көмектесті. Екінші таймда өзі гол соқты. Пастарының дәлдіні – 97 пайыз. InStat Index көрсеткіші бойынша турдің ең үздік ойыншысы – 323.

«Қызыл-Жар СК» командасымен болған ойында Иван Граф қарсыластың өз айып алаңына жақындауына жол бермеді. Балқандық қорғаушының допқа талас көрсеткіші – 87 пайыз. Сонымен қатар, ол әуедегі доқа таласта 11 рет жеңіске жетті. Пастарының дәлдігі -  90 пайыз. Ойын индексі – 268.

Оң жақ қорғаушы: Абзал Бейсебеков, «Астана»

Өткен турда «Астана» қорғаушысы Абзал Бейсебеков еш қателік жібермей, өз позициясында үлгілі ойын көрсетті. Пастарының дәлдігі – 85 пайыз. Ойын индексі – 241.

Орталық жартылай қорғаушылар: Абдуллай Диакате, «Ордабасы»; Милан Радин «Актобе»

«Жетісумен» ойында Абдуллай Диакате қарсыластың шабуылын бұзумен қатар, өз командасының шабуылыш байланыстырушы қызметін қатар атқарды. Сенегелдық футболшының пас беру көрсеткіші өте жоғары – 99 пайыз. Сонымен қатар, пенальтиден гол соқты. Ойын индексі – 274.

Милан Радин Оралда керемет ойын көрсетті. Сербиялық футболшы 10 рет доқа таласта жеңіске жетті. Сонымен қатар, қараусыз қалған 14 допты иемденіп, 6 рет дриблинг қолданды. Пастарының дәлдігі – 89 пайыз. Ойын индексі – 252.

Сол жақ жартылай қорғаушы: Бауыржан Исламхан, «Қайрат»

«Қайрат» капитаны «Тобылмен» өткен ойында өте белсенді болды. Бауыржан Исламхан қарсыласын алты рет алдап өтіп, дәл пастарын 86 пайызға жеткізді. Жартылай қорғаушы команданың әр шабуылына араласты. Кездесуде нәтижелі пасты да өз атына жазды. Ойын индексі – 259.

Оң жақ қорғаушы: Дамир Кояшевич, «Шахтер»

Черногориялық футболшының еңбекқорлығы таңғалдырмай қоймайды. «Ертіспен» өткен кездесуде Дамир Кояшевич қарсыласын жеті рет алдап өтіп, қақпашыны бір рет қапы қалдырды. Оның соққан голы Павлдарда тең есепті алып берді. Ойын индексі – 257.

Шабуылдаушы жартылай қорғаушы: Маркос Пиззелли, «Актобе»

Оралда өткен ойында Маркос Пиззелли өте белсенді ойнап, гол сала жазады. Алайда, ол нәтижелі паспен шектелді. Оның айып соққысынан көтерген пасын Морис голға айналдырды. Жартылай қорғаушы 5 рет шешуші пас шығарып, 4 рет қарсыласын алдап өтті. Ойын индексі – 248.

Шабуылшы: Мирослав Лечич, «Қызыл-Жар СК»

«Қызыл-Жар СК» шабуылшысы «Қайсармен» өткен ойында пайдалы қызметтер атқарды. Мирослав Лечич қарсыласын төрт рет алдап өтті. Сербиялық футболшыға қарсы төрт рет ойын тәртібі бұзылды. Пастарының дәлдігі – 82 пайыз. Кездесудің соңында ол «Қызыл-Жар СК» сапында алғашқы голын соқты. Ойын индексі – 245.