KZ
KZ RU
17 қыркүйек 2018 10:30

Премьер-лиганың 26-турының үздік голын таңдаймыз

17 қыркүйек 2018 10:30

Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы жанкүйерлерге Қазақстан Чемпионатының жиырма алтыншы турының үздік голының авторын анықтауды ұсынады.

Ұлттық құрамалардың ойындарына байланысты үзіліске кеткен үлкен футбол Қазақстанның стадиондарына қайта оралды. жексенбі күні Астана мен Шымкентте өткен ойындарда гол соғылмады. Алайда, қалған төрт кездесуде жанкүйерлер 9 голдың куәсі болды. Оның біреуі он бір метрлік айып добынан соғылды. 

Автогол мен пенальтиден салынған голдар сауалнамаға қатыспайды.

Сауалнама қорытындысы 19 қыркүйек күні 11:00-де аяқталады. 

Төменде соғылған голдардың видеосын көруге болады: 

1. Тимур Мульдинов голы (Ертіс – Қызыл-Жар СК 0:1)

 
2. Руслан Степанюк голы (Тобыл – Жетісу 2:2)

 
3. Ника Квеквескири голы (Тобыл – Жетісу 2:2)

 
4. Азат Нұрғалиев голы (Тобыл – Жетісу 2:2)

 
5. Юре Обшивач голы (Шахтер – Атырау 2:1)

 
6. Сергей Шафф голы (Шахтер – Атырау 2:1)

 
7. Дамир Кояшевич голы (Шахтер – Атырау 2:1)

 
8. Еркебұлана Нұрғалиев голы (Қайрат - Ақжайық 0:1)