KZ
KZ RU
03 сәуір 2018 19:00

Премьер-лиганың 3 турының символикалық құрамасы

03 сәуір 2018 19:00

Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы сіздің назарларыңызға 2018 жылғы маусымның Премьер-лиганың үшінші турының символикалық құрамасын ұсынамыз.  

Құрама ҚКФЛ серіктесі InStat компаниясының ойындарды сараптау көрсеткіштерінің негізінде құрылған. 

Үздіктердің тізімі келесідей: 

Қақпашы: Жасур Нарзикулов, «Ордабасы».
  
«Ордабасы» қақпашысы Жасур Нарзикулов өзінің бұрынғы командасына «Атырауға» қарсы ойнады. Шымкенттік команданың қақпашысы үш рет соққы қайтарып, бір рет сейв жасады. Сонымен қатар ол қақпадан 5 рет сәтті шаға білді (100% көрсеткіш). Ойын Индексі – 252.
 
Оң жақ қорғаушы: Абзал Бейсебеков, «Астана».
 
Бейсебеков өзін шабуылда да, қорғаныста да көрсете білді. Ойын барысында ол 4 рет дриблинг көрсетіп, 4 рет қарсыластан допты тартып алды (100% көрсеткіш). Қорғаушы 12 жекпе-жекті жеңді (63% көрсеткіш). Ойын Индексі – 253.
 
Орталық қорғаушы: Евгений Постников, «Астана»; Иван Граф, «Қайсар».
 
«Астананың» ойыншысы Постников турдың үздік орталық қорғаушысы атанды. Евгений өзін жекпе-жекте жақсы көрсете білді – төменде болған допқа таласта ол 12 рет жеңімпаз атанды (71% көрсеткіш), ал «екінші қабатта» 6 жекпе-жекте жеңіске жетті (86% көрсеткіш). Бұдан басқа ол 5 рет допты тартып алды. Ойын индексі – 273.
 
«Қасқырлардың» «Астанаға» жеңілгеніне қарамастан, Графтың кездесуден кейінгі статистикасы жақсы болды. Хорват екінші қабатта болған жекпе-жектерде басымдылық қөрсетті – ол 7 күрестің 7 жеңді. Төменде болған жекпе-жектің 14-тен 12 жеңді (86% көрсеткіш). Ойын индексі – 258.
 
Сол жақ қорғаушы: Дмитрий Шомко, «Астана».
 
Статистикалық ақпараттарға сәйкес Шомко турдың сол қаптал үздік қорғаушысы атанды. Дмитрий барлық жекпе-жектердің 81% жеңіп, өзінің позициясындағы қарсыласынан басым болды. Сонымен қатар ол 4 рет допты тартып алды, 5 рет допты тоқтатты және 11 рет қараусыз қалған допқа бірінші жетті. Ойын индексі – 269.
 
Оң жақ жартылай қорғаушы: Марин Томасов, «Астана».
 
Марин екі ассист жасады – оның пастарынан Твумаси мен Муртазаев қанжығаларын майлады. Және де Томасов дриблинг жағынан өзін тамаша көрсете алды – 12 мүмкіндіктен 7 рет ол қарсыласты алдап кетті. Сонымен қатар, «Астананың» көшбасшысы 5 рет қақпаға соққы бағыттады, бірақ бұл соққылардың тек қана біреуі көздеген нысанасына жетті. Томасов 3 маңызды пас жасап, 4 рет қарсылас айып алаңына кросс жасады. Ойын индексі – 312, - Томасов турдың үздік ойыншысы атанды.
 
Орталық жартылай қорғаушылар: Ласло Кляйнхайслер, «Астана»; Аслан Дарабаев, «Тобыл».
 
Венгриялық жартылай қорғаушы үшінші турда допты тартып алу көрсеткішінен үздік футболшы атанды - ол 6 рет қарсыласты доптан айырды (75% көрсеткіш). Ойын барысында ол 90% көрсеткішпен 56 дәл пас жасады. Сонымен қатар, Кляйнхайслер жекпе-жектердің 65% жеңіп, 3 рет допты тоқтатты және 9 рет допты бірінші болып иеленді. Ойын индексі – 259.
 
Өткен кездесуде Дарабаев ойынды алдыңғы шепте шиеленістіруге көңіл бөлді. «Тобыл» хавбегі қарсылас айып алаңына 6 дәл пас жасады, бір рет ол қарсылас қорғанысын, маңызды пас жасап, қапы қалдырды. Жекпе-жектерде Аслан Кляйнхайслер секілді жоғары статистикаға ие бола алмады, соған қарамастан Дарабаев 50% көрсеткішпен допқа таластарда басым болды. Ойын индексі – 259.
   
Сол жақ жартылай қорғаушы: Патрик Твумаси, «Астана».
 
Твумаси гол соғып, үш рет қарсыласты алдады және екі маңызды пас шығарды. Африкандық ойыншының пастарының дәлдік деңгейі – 76. Ойын индексі – 253.
 
Атакующий полузащитник: Иван Антипов, «Ақжайық».
 
«Ертіспен» болған ойында «Ақжайықтың» сапында ең белсенді ойыншы – Иван Антипов. Жас хавбек 4 рет қарсыласты алдай білді, 3 рет қақпаға тура соққы бағыттады және 2 маңызды пас шығарды. Ең бастысы Иван оралдық командаға маусымдағы алғашқы жеңісті алып келген гол соқты. Ойын индексі – 238.
 
Шабуылшы: Таңат Нөсербаев, «Тобыл».
 
Нөсербаев алаңға қосалқы құрамнан шығып, ойынды өзгертті. 45 минут ішінде Таңат гол соғып, Фединға доп соғуға мүмкіндік жасады. Шабуылшының әрекет индексі – 226.