KZ
KZ RU
02 қараша 2018 17:16

Премьер-лиганың 31-турының үздіктер құрамасы

02 қараша 2018 17:16

Қазақстан Кәсіпқой футбол лигасы 2018 жылғы маусымдағы Премьер-лиганың отыз бірінші турындағы үздіктер құрамасын назарларыңызға ұсынады:

Құрама ҚКФЛ серіктесі InStat компаниясының ойындарды сараптау көрсеткіштерінің негізінде құрылған.

Өткен турдың қорытындысы бойынша үздік он бір ойыншының тізімі келесідей:

Қақпашы: Александр Григоренко, «Қайсар»

«Қайсар» қақпашысы екінші тур қатарынан үздіктер құрамасының қатарына ілініп отыр. Оралда өткен ойында Александр Григоренко қақпасына гол жібермеді.  Ойын индексі – 284.

Орталық қорғаушылар: Иван Граф, «Қайсар»; Сергей Малый, «Астана»; Марин Аничич, «Астана»

«Ақжайықпен» өткен ойында Иван Граф тоқсан минут бойы мұқият ойнап, «бес» деген баға алды. Бойшаң бойлы хорват әуедегі допқа таластың 86 пайызында жеңіске жетті. Пастарының дәлдігі – 81 пайыз. Ойын индексі – 255.

Қостанайда өткен кезедсуде «Астана» қорғаушылары «Тобылдың» қысымына тап болды. Сергей Малыйдың допқа таластағы көрсеткіші – 80 пайыз. Пастарының дәлдігі – 91 пайыз. Ойын индексі – 256.

Марин Аничич те жақсы қорғанды. Пастарының дәлдігі – 85 пайыз. Допқа талас көрсеткіші – 94 пайыз. Ойын индексі – 255.

Сол жақ жартылай қорғаушы: Максим Федин, «Тобыл»

Ел чемпионымен өткен ойында Максим Федин сол қапталды толықтай жаулап алды. Ол қарсыластарынан допты тартып алып, өз командасының шабуылын ұйымдастырды.  Жартылай қорғаушы бір рет нәтижелі пас шығарып, екі рет қақпаға тура соққы бағыттады. Допқа талас көрсеткіші – 74 пайыз. InStat бойынша турдағы ең үздік көрсеткіш - 310.

Орталық жартылай қорғаушылар: Азат Нұрғалиев, «Тобыл»; Асхат Тағыберген, «Қайсар»

«Астанамен» өткен ойында «Тобылдың» көшбасшысы Азат Нұрғалиев шеберлігін тағы бір мәрте дәлелдеді. Пастарының дәлдігі – 81 пайыз. Қостанайлықтарға қола жүлде алып берген голдың авторы атанды. Ойын индексі – 236.

Оралда өткен ойында орталық алаңды толық бақылауда ұстаған футболшы – Асхат Тағыберген. «Қайсардың» барлық шабуылына қатысып, нәтижелі пастың авторы атанды. Допқа талас көрсетіші – 78 пайыз. Ойын индексі – 272.

Оң жақ жартылай қорғаушы: Бағдат Қайыров, «Ақтөбе»

Вингер мен латераль рөлін қатар алып жүрген Бағдат Қайыров күшті ойын өткізді. «Қызыл-Жар СК» командасымен өткен ойында қорғаныс пен шабуылда пайдасын тигізді. Допқа талас көрсеткіші – 67 пайыз. Төрт рет тамаша дриблинг қолданып, үш рет айып алаңына тура пас шығарды. Пастарының дәлдігі – 85 пайыз. Ойын индексі – 252.

Сол жақ шабуылшы: Матиас Курьор, «Қайсар»

Матиас Курьордың алаңдағы кездейсоқ шешімдері «Ақжайықпен» өткен кездесуде нәтиже алып келді.  Ол қарсыластың қақпасына үш рет доп тепті. Оның біреуі голға айналды. Бес рет қарсыласын алдап өтіп, пастарының дәлдігі 84 пйызға жеткізді. Ойын индексі – 291.

Оң жақ шабуылшы: Дамир Кояшевич, «Шахтер»

Шымкентте болған матчта  Дамир Кояшевич алаң иелерінің қорғаушыларына маза бермеді. Ол қақпаға төрт соққы бағыттап, айып алаңына алты рет пас шығарды. Қарсыластарын алты рет алдап кетті. Ойын индексі – 250.

Орталық шабуылшы: Братислав Пуношевац, «Қайсар»

Братислав Пуношевац соққан голдан «Қайсардың» ірі жеңісі бастау алған еді. Футболшының пас беру мәдениеті өте жоғары. Пастарының дәлдігі – 81 пайызы. Ойын индексі – 252.