KZ
KZ RU
08 қараша 2018 11:22

Премьер-лиганың 32-турының үздіктер құрамасы

08 қараша 2018 11:22

Қазақстан Кәсіпқой футбол лигасы 2018 жылғы маусымдағы Премьер-лиганың отыз екінші турындағы үздіктер құрамасын назарларыңызға ұсынады:

Құрама ҚКФЛ серіктесі InStat компаниясының ойындарды сараптау көрсеткіштерінің негізінде құрылған.

Өткен турдың қорытындысы бойынша үздік он бір ойыншының тізімі келесідей:

Қақпашы: Игорь Шацкий, «Шахтер»

«Тобылмен» өткен кездесуде Игорь Шацкий командасының үш ұпай алуына көп көмек тигізді. Қақпашы қостанайлықтардың алты соққысын қайтарды. Қақпадан шығу көрсеткіші де керемет – 6/6. Ойын индексі  – 266.

Сол жақ қорғаушы: Бактиер Зайнутдинов, «Астана»

«Қайратпен» өткен ойында қорғаныстың сол қапталында ойнаған Бактиер Зайнутдинов үздіктердің қатарында болуға әбден лайық. Қарсыластың пасын жеті рет тоқтатып, пастарының дәлдігін 78 пайызға жеткізді.  Төрт рет әуедегі доқа таласта жеңімпаз атанды. Бұрыштама добынан кейін баспен гол соқты. Ойын индексі – 277.

Орталық қорғаушылар: Александр Марочкин, «Қайсар»; Милош Стаменкович, «Ертіс»

Александр Марочкиннің сенімді ойыны «Қайсар» қорғанысының басты кепілі болды. Допқа талас көрсеткіші – 76 пайыз. Ойын индексі – 264.

Милош Стаменкович өз позициясында жақсы ойын көрсетіп, қақпашыны жұмыссыз қалдырды. Сербиялық қорғаушының пастарының дәлдігі – 83 пайыз. Допқа талас көрсеткіші – 67 пайыз. Оралдық ойыншылардың пастарын 23 рет тоқтатты. Ойын индексі – 263.

Оң жақ қорғаушы: Қуаныш Қалмұратов, «Атырау»

«Ақтөбемен» өткен ойында Қуаныш Қалмұратов қара жұмысты көп атқарды. Шабуылға да араласуды ұмытпады. Жас ойыншы мұнайшылардың екі нәтижелі шабуылына қатысты. Ең алдымен Предраг Сикимичтің екінші голын соғуына көмектесті. Кейін бұрыштама добын голға айналдырды. Пастарының дәлдігі – 74 пайыз.  Қуаныш турдағы ең үздік ұпайды жинады. Ойын индексі – 297.

Сол жақ жартылай қорғаушы: Роман Муртазаев, «Астана»

Қос астананың дербиінде Роман Муртазаев ерекше қырынан танылды. Пастарының дәлдігі – 77 пайыз. Үш рет қарсыласын алдап, бір нәтижелі пас шығарды. Жеңіс голын соқты. Ойын индексі – 266.

Шабуылдаушы жартылай қорғаушылар: Бауыржан Исламхан, «Қайрат»; Дамир Кояшевич, «Шахтер»

«Қайрат» капитаны елордада өткен ойында жасыл алаңдағы ең үздіктердің бірі болды. Исламхан пас беруде небәрі 9 пайызға ғана қателесті. Керемет нәтижелі пас шығарды. Ойын индексі – 263.

Бұл турда Дамир Кояшевич тағыда жақсы ойын көрсетті. Черногориялық футболшы «Тобыл» қақпасына үш рет тура соққы бағыттады. Оның біреуі голға айналды. Пастарының дәлдігі – 71 пайыз. Ойын индексі – 283.

Оң жақ қорғаушы: Марин Томасов, «Астана»

Марин Томасов қарсыластың қорғанысын жиі мазалап, жеңіс үшін көп рөл атқарды. Хорватиялық вингер әдемі голымен қатар, қарсыласын төрт рет алдып өтті. Ойын индексі – 266.

Шабуылшылар: Абель Камара, «Ертіс»; Предраг Сикимич, «Атырау»

«Ақжайықтың» қақпасынан бақытын іздеген Абель Камара ойын бойы шабуылдың барлық шебінде белсенді қимылдады. Қазақстан Чемпионатында соққан алғаш голы соның дәлелі.  Ойын индексі – 272.

Предраг Сикимич батыс дербиінде тамаша ойнады. Ол маусымдағы ең жақсы ойынын өткізді деуге болады. «Мұнайшы» стадионының таблосында оның аты-жөні екі рет жазылды. Ойын индексі – 287.