KZ
KZ RU
23 сәуір 2018 10:35

Премьер-лиганың 6-турының үздік голын таңдаймыз

23 сәуір 2018 10:35
Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы жанкүйерлерге Қазақстан Чемпионатының алтыншы турының үздік голының авторын анықтауды ұсынады.

Ел чемпионатының алтыншы туры артта қалды. Дәстүр бойынша жанкүйерлерді дауыс беру арқылы үздік голдың авторын таңдауға шақырамыз.

Өткен турда командалар бір-бірінің қақпасына 17 гол соқты. Оның біреуі ғана пенальтиден салынды. Жексенбі күні үші ойын тең аяқталып, үш ойында жеңімпаз анықталды. Ең нәтижелі ойын Алматыда тіркелді.  «Қайрат» қонаққа келген «Қайсарды» 4:1 есебімен ұтты. 

Еске сала кетейік, автогол мен пенальтиден соғылған гол сауалнамаға қосылмайды.

Дауыс беру қорытындысы 27 сәуір күні 11:00-де жарияланады.

Төменде сауалнамаға кірген барлық голдардың видеосын көруге болады:
 
 1. Эльдар Абдрахманов голы (Қызыл-Жар СК – Атырау 1:1)

 
2. Адеринсола Эсеола голы (Тобыл – Ақжайық 1:1)

 
3. Таңат Нөсербаев голы (Тобыл – Ақжайық 1:1)

4. Карлос Фонсека голы (Жетісу – Ертіс 2:1)

 
5. Рифат Нұрмұхамет гол (Жетісу –Ертіс 2:1)

 
6. Олег Хромцов голы (Жетісу – Ертіс 2:1)

 
7. Асланбек Кәкімов голы (Шахтер – Ақтөбе 1:1)

 
8. Оралхан Өміртаев голы (Шахтер – Ақтөбе 1:1)

 
9. Исаэл голы (Қайрат – Қайсар 4:1)

 
10. Матиас Курьор голы (Қайрат – Қайсар 4:1)

 
11. Андрей Аршавин голы (Қайрат – Қайсар 4:1)

 
12. Чума Анене голы (Қайрат – Қайсар 4:1)

 
13. Станислав Лунин голы (Қайрат – Қайсар 4:1)

 
14. Алексей Щеткиннің алғашқы голы (Ордабасы – Астана 1:2)

 
15. Алексей Щеткиннің екінші голы (Ордабасы – Астана 1:2)

 
16. Еркебұлан Тұңғышбаев голы (Ордабасы – Астана 1:2)