KZ
KZ RU
22 сәуір 2019 18:31

Премьер-лиганың 6-турының үздіктер құрамасы

22 сәуір 2019 18:31
Қазақстан Кәсіпқой футбол лигасы 2019 жылғы маусымдағы Премьер-лиганың алтыншы турындағы үздіктер құрамасын назарларыңызға ұсынады:
 
Құрама ҚКФЛ серіктесі InStat компаниясының ойындарды сараптау көрсеткіштерінің негізінде құрылған.
 
Өткен турдың қорытындысы бойынша үздік он бір ойыншының тізімі келесідей:
 
Қақпашы: Ненад Эрич, «Астана»
 
Орталық қорғаушылар: Евгений Ткачук, «Шахтер»; Марин Аничич, «Астана»; Нұралы Әліп, «Қайрат»
 
Орталық жартылай қорғаушы: Марат Шахметов, «Шахтер»
 
Сол жақ жартылай қорғаушы: Иван Пешич, «Шахтер»
 
Шабуылдаушы жартылай қорғаушылар: Асланбек Кәкімов, «Ақтөбе»; Дорин Ротариу, «Астана»
 
Оң жақ жартылай қорғаушы: Тигран Барсегян, «Қайсар»
 
Шабуылшылар: Абат Айымбетов, «Ақтөбе»; Таңат Нөсербаев, «Оқжетпес»