KZ
KZ RU
03 мамыр 2018 15:11

Премьер-лиганың 7-турының үздіктер құрамасы

03 мамыр 2018 15:11

Қазақстан Кәсіпқой футбол лигасы 2018 жылғы Премьер-лига маусымының жетінші турының үздіктер құрамасын назарларыңызға ұсынады:

Құрама ҚКФЛ серіктесі InStat компаниясының ойындарды сараптау көрсеткіштерінің негізінде құрылған.

Өткен турдың қорытындысы бойынша үздік он бір ойыншының тізімі келесідей:
 
Қақпашы: Жасур Нәрзіқұлов, «Ордабасы».
 
«Ордабасы» қақпашысы Жасур Нәрзіқұлов бұл маусымда тағы бір тамаша ойын өткізді. Қызылорда футболшылары бірнеше рет қауіпті сәт төндіргенімен, Жасур қорғаған қақпаны бұза алмады. Ол бес соққыны кері қайтарып, керемет екі сейв жасады. Төрт қақпадан шығып, сауатты ойнады (100 пайыз). Ойын индексі – 253.
 
Сол жақ қорғаушы: Дмитрий Шомко, «Астана».
 
«Тобылмен» өткен ойында сенімді ойын көрсеткен футболшылардың бірі – Дмитрий Шомко. Қапталда ойнайтын қорғаушының берген 71 пасының дәлдігі 77 пайызды құрады. Сонымен қатар, Дмитрий Шомко 10 рет қарсыластың добын тартып алып, 10 рет қарсыластың пасын орта жолдан тоқтатты. Ойын индексі – 239.  
 
Орталық қорғаушылар: Марин Аничич, «Астана»; Евгений Постников, «Астана».
 
«Астана» футбол клубының орталық жартылай қорғаушылар жұбы өз алаңында өткен кездесуде өте жақсы матч өткізді. Екі футболшы да шабуылды бірінші паспен бастап, әрі қарай қолдап отырды. Марин Аничич берген 88 пастың дәлдігі 91 пайызды құрады. Евгений Постников көрсеткіші – 93 пас, дәлдігі - 89 пайыз. Марин Аничич 11 рет допқа таласып, 8-де жеңіске жетті. Евгений Постников те – 19-14.  Ойын индекстері 242.
 
Оң жақ жартылай қорғаушыІлияс Әмірсейітов, «Қайсар».
 
«Ордабасымен» өткен ойында Ілияс Әмірсейітов шабуылға жиі араласа отыра, қорғаныста қателікке бой алдырмады. «Қасқырлар» сапындағы латераль 9 рет допқа таласып, 6 рет жеңіске жетті. Дәл пастарының саны (86 пайыз) бойынша команданың көшбасшысы атанды. Ойын индексі – 226.
 
Орталық жартылай қорғаушылар: Александр Володько, «Шахтер»; Милан Радин «Ақтөбе».
 
Тәжірибелі хавбек бірте-бірте қарағандылық команданың көшбасшысына айналып келеді. «Ақжайықпен» өткен «дауылды» кездесуден соң Александр Володько жақсы нәтиже көрсетіп, үздік он бір ойыншының қатарына екінші рет енді. Ақсайдағы ойында оның соққан голы кеншілерге бір ұпай әперді. Ойын индексі – 252.
 
Ақтөбеліктер үшін ойынның нәтижесі ғана маңызды болған кездесуде Милан Радиннің жойқын соққысы кездесу тағдырын шешті. Серб футболшысы кездесуде көп еңбек атқарды. 18 рет допқа таласып, жеңіске жетті. 6 рет қарсыласын алдып өтті. Бұл – 100 пайыз көрсеткіш. 10 рет қарсыластың пасын қағып әкетіп, 47 рет пас (дәлдігі - 85 пайыз) жасады. Ойын индексі – 265.
 
Сол жақ жартылай қорғаушы: Андрей Аршавин, «Қайрат».
 
Ресейлік футболшының кезекті рет турдың үздіктер құрамасына енгені күмән тудырмады. Павлодарда өткен ойында Андрей Аршаввин гол соғып, нәтижелі пас қалдырды. Үш рет қарсыласын алдап, пастарының дәлдігін 70 пайызға жеткізді. Ойын индексі – 228.
 
Оң жақ жартылай қорғаушы: Асланбек Кәкімов, «Ақтөбе».
 
Асланбек Кәкімов өте жақсы ойын көрсетті. Ол жасыл алаңда емін-еркін қимылдап, қарсыластармен допқа таласып, үнемі айып алаңына пас асырумен әлек болды.  Футболшының үш соққысының екеуі Қызылжардың қақпасына тура барды. Вингер допты алға жылжытып, бес рет (барлығы - 9) қарсыластарын алдап кетті. Пастарының тиімділігі – 74 пайыз. Кәкімов – турдың ең пайдалы ойыншысы. Ойын индексі – 278.
 
Шабуылшылар: Маркос Пиззелли, «Ақтөбе», Абат Айымбетов «Ақтөбе».
 
Маркос Пиззелли өз командасының алғашқы голында Абат Айымбетовке дәл пас шығарды. Тәжірибелі футболшы шабуылда көп жұмыс атқарып, алаңдағы ең белсенді ойышылардың бірі болды. «Ақтөбенің» көптеген комбинациясын құрастырды. Ойын индексі – 240.
 
«Ақ-қызылдардың» жас шабуылшысы Абат Айымбетов ойынға үлкен ерік-жігермен араласып, қарсыластың қорғанысын жиі мазалады. Жасыл алаңда жылдам қимылдап, шабуылды шиеленістіруге ұмтылды. Жақсы ашылып, ойынды өз қолына алуға жасқанбады. Форвард гол соғып, өзіне жүктелген міндетті өте жақсы орындады. Ойын индексі – 231.