KZ
KZ RU
28 мамыр 2024 13:22

QFL президенті Ertis клубының басшысымен кездесті

28 мамыр 2024 13:22
Астана қаласында Qazaqstan Football League президенті Ғани Қайназаров Ertis ФК басшысы Ермек Ермекбаймен кездесті. Павлодарлық клубтың директоры QFL президентімен 5 дүркін ел чемпионының алдағы жоспарымен бөлісті. Нақтырақ айтсақ, клубтың алға қойған үлкен мақсаттың бірі - балалар академиясын құру. 

Ғани Қайназаров қайта жаңғырған клубтың жоспарын құптап, Лига мен командалардың арасындағы қарым-қатынасты нығайту керектігін атап өтті. Қос тарап Павлодар облысының футболын дамыту үшін жобаларды әзірлеуге келісті. Айта кетейік, дәл қазіргі сәтте Ertis 7 турдың қорытындысы бойынша QFL Екінші лигасының «Солтүстік-шығыс» конференциясында топ бастап тұр. Ал кейінгі «Астана Ж» командасына қарсы өткен матчты ең көп жанкүйер тамашалады (4 000 адам).