KZ
KZ RU
22 қыркүйек 2015 11:26

ҚР Кубогының финалына шығатын командалар анықталады

22 қыркүйек 2015 11:26
Астана – Ақтөбе.
Бірінші матч 2:0
Төрешілер: Р.Дүзмамбетов (Өскемен), С.Журавлёв (Павлодар), Е.Попов (Өскемен)
Төрешілерді қосымша көмекшілері: С.Гороховодацкий, А.Алиев (екеуі де – Алматы)
Инспектор: С.Цареградский (Семей)
Матчтың басталуы: 18:00
Өтетін жері: Астана қ., «Астана-Арена» стадионы
Елоржалық «Астана» өз алаңында «Ақтөбе» футболшыларын қабылдайды. Бірінші ойында Станимир Стойлов шәкірттері екі доп айырмасымен жеңіске жетіп, финалға бір қадам жасады. Дегенмен «Астана» командасында ойын кестесі тығыз. Қазақстан чемпионаты үш турнирге қатысып жатыр. Чемпиондар Лигасының топтық кезеңінде «Бенфика» командасынан 0:2 есебімен жеңілсе, ел чемпионатында өз алаңында алматылық «Қайрат» командасына 0:1 есебімен ұтылды. Сол себепті елордалық футболшылар физикалық жағынан шаршаңқы болуы мүмкін. Алайда, сырт алаңда соғылған екі гол қарымта ойында шешуші рөл атқаруы ықтимал. Ал, кубок финалына «Ақтөбе» шыға ала ма?  
 
Қайрат – Тобыл
Бірінші матч 3:0
Төрешілер: Д.Тевяшов (Орал), С.Шәріпов (Атырау), Т.Жақсылық (Қызылорда)
Төрешілердің қосымша көмекшілері: Б.Абдоллаев (Қаратау), Д.Сахи (Қызылорда)
Инспектор: П.Салий (Өскемен)
Матчтың басталуы: 20:00
Өтетін жері: Алматы қ., Орталық стадион
Алматылық «Қайрат» өз алаңында қостанайлық «Тобылды» қабылдайды. Қостанайда өткен алғашқы ойында Владимир Вайсс командасы 3:0 есебімен жеңіске жетті.  Алматылық клуб өткен жексенбіде Қазақстан чемпионы атағына жақындай түсті. Олар басты қарсыласы «Астананы» ұтты. Қостанай футболшылары чемпионатта жетінші орында келеді.
 
Командалар жолы: