KZ
KZ RU
15 мамыр 2024 19:58

Рафаэль Гарибян QFL президенті қызметінен кетті

15 мамыр 2024 19:58
Рафаэль Гарибян Qazaqstan Football League президенті қызметінен кетті. Берілген өтінімге сәйкес, оның бұл қызметтен кетуіне басқа жұмысқа ауысуы себеп болды. 

Айта кетейік, Рафаэль Гарибян QFL (бұған дейін - ҚКФЛ) президенті лауазымына 2023 жылдың 2 мамырында тағайындалған болатын. Оның басшылығымен бірқатар жобалар жүзеге асырылды. Айта кетсек, Лига ребрендингі, жаңа регламенттердің қабылдануы, маркетингтік стратегия, жаңа демеушілердің келуі және басқа да жобалар. Бұл жобалар еліміздегі клубтық футболдың дамуына ерекше үлес қосты. 

Qazaqstan Football League Рафаэль Эдуардұлына өз алғысын білдіріп, алдағы жұмыстарына сәттілік тілейді. Жаңа басшыны сайлау бойынша мәселе жақын уақытта Лига мүшелерінің кезектен тыс отырысында талқыланатын болады.