KZ
KZ RU
23 мамыр 2011 17:45

Равиль Сабитов «Тобылдан» кетті

23 мамыр 2011 17:45

Бүгін Қостанай облысының әкімі Сергей Кулагин ресейлік маман Равил Сабитовты аталмыш қызметінен босатты. Оның орнына уақытша бас жаттықтырушының қызметін оның көмекшісі Александр Беляков атқаратын болады.
Равиль Сабитов «Тобылды» 2009-маусымнан соң қабылдап алған болатын. Ағымдағы жылда атқарған қызметтеріне келетін болсақ, ол қостанайлықтарға алғаш алтын медалға қол жеткізгізіп берген жаттықтырушы болатын. Бірақ та, өткен маусымда «Тобыл» айтарлықтай нәтиже көрсете алмады. 12 турдан соң команда турнирлік кестенің 9-шы орнына табан тіреп, ендігі алғашқы алтылыққа ілігу үшін бар мүмкіндіктерін салып көрмек. Сол себепті клубтың басшылық өз-ара келісе отырып Равил сабитовты қызметінен босату жайлы шешім шығарды.