KZ
KZ RU
04 шілде 2011 14:22

Республикалық Ұлан қайтадан маусым ашады

04 шілде 2011 14:22

Бұл ауданның аула командаларының алдыңғы шебінде «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалымен бірге Республикалық Ұлан тұр. 2 шілдеде Республикалық Ұлан Спорткешенінде аула командаларының дәстүрлі «Нұр Отан» Кубогы салтанатты түрде ашылды. Оған құрметті қонақ ретінде Қазақстан футбол Федерациясының вице-президенті Виктор Катков шақырылды. Турнирге аула командаларымен бірге Гвардия спорт командаларының ардагерлері де қатынасты. Виктор Георгиевич Катков қатынасушыларға доптар мен әр түрлі футбол заттарын сыйға тартты. наградил
- Республикалық Ұлан жастарға жақсы үлгі, - деп санайды вице-президент ҚФФ Виктор Катков. – Бұндай сайыстарға қатынасушылар өздерінің техникалық және физикалық дайындығын көрсетіп қана қоймай, алдыңғы шепте Республикалық Ұланның жүргені олардың патриоттық сезімінің ұшталуына да тікелей әсер етеді. Бұл өте маңызды. Ұлан Спорткешенінің газонын да атап өткім келеді, оның жағдайы өте жақсы деңгейде.
Республикалық Ұланның бөлім командирі, подполковник Абзал Тоқбанов Виктор Катковқа қозғалыс дамуына қосқан үлесіне алғыс айтып, құрмет грамотасын табыстады.