KZ
KZ RU
31 қазан 2018 09:52

Рейнальдо голы – Премьер-лиганың 31-турының үздігі

31 қазан 2018 09:52

Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы Премьер-лиганың отыз бірінші турының үздік голын анықтау мақсатында жанкүйерлер арасында сауалнама жүргізді.

 
Өткен турда 9 гол соғылды. 
 
Сауалнама Қазақстан кәсіпқой футбол лигасының ресми сайты мен «Вконтакте» әлеуметтік желісіндегі  @pflkaz парақшасында өтті. 
 
Жанкүйерлерге «Ақтөбе» шабуылшысы Силва Рейнальдоның «Қызыл-Жар СК» қақпасына соққан голы ұнады. Оның голына сауалнамаға қатысқандардың 83 пайызы жауап берді.
 
Үздік үштік келесідей:
1. Силва Рейнальдо голы (Ақтөбе - Қызыл-Жар СК) – 3118 дауыс; 
2. Матиас Курьор голы (Ақжайық - Қайсар) – 219 дауыс; 
3. Карлос Фонсека голы (Қайрат - Ертіс) – 119 дауыс. 
 
Рейнальдо голы қазан айының үздіктері сауалнамасына қатысады.