Рохер Каньяс Instat компаниясының тұжырымы бойынша Премьер-Лиганың үздік ойыншысы атанды
Ойыншылардың барлық жеке көрсеткіштерін қарастырып, Instat компаниясы «Астана» футбол клубының жартылай қорғаушысы Рохер Каньясты үздік ойыншы ретінде атады. Колумбиялық футболшының орташа индексі – 220-ға тең. Осы жылы Каньяс Премьер-Лигада 31 ойын өткізіп, бір гол және бір нәтижелік пастың авторы атанды. Барлығы 26 жасар футболшы қарсыластар қақпасына 36 рет соққы бағыттады. Орташа бір ойында Каньяс 68 пас жасап, олардың алпысы дәл тиді.
Екінші орынға Каньястың клубтасы Дмитрий Шомко иеленді. Оның индексі да 220-ға тең, бірақ ол екі ойын кем өткізген. 29 ойында Шомко бір гол соғып, сегіз рет нәтижелік пастың авторы атанды. Бүкіл маусымда Қазақстан құрамасының қорғаушысы 26 рет қарсыластар қақпасына соққы жасады. Пастарды қарастырсақ, 72-нің ішінде 56-сы клубтас ойыншыларына дәл тиді.
Үштікке тағы алматылық «Қайраттың» көшбасшысы Бауыржан Исламхан да кірді. Оның индексі 218-ге тең. 31 матчта жартылай қорғаушы 17 гол соғып, 10 рет нәтижелік пас берді. Барлығы чемпионатта Исламхан 85 рет қарсыластар қақпасына соққы бағыттады. Орташа бір ойында Бауыржан 75 пас жасап, олардың 66-сы дәл тиді.
Төртінші орында – Исаэль («Қайрат»), бесінші – Марин Аничич («Астана»). Алтыншы болып Аничичтің клубтасы Юрий Логвиненко көрінді, жетінші орында – Патрик Твумаси («Астана»). 8-10 орындарға «Қайраттың» ойыншылары Гафуржан Сүйімбаев (маусымды «Ордабасыда» бастады), Андрей Аршавин және Анатолий Тимощук иеленді.
Келесі мақалаларда сіздерді басқа көрсеткіштердің үздік ойыншыларымен таныстырамыз.