KZ
KZ RU
11 мамыр 2022 17:21

Рохус Шох: «Футбол клубтарына жеке инвестициялар тарту — бұл заманауи тәсіл»

11 мамыр 2022 17:21

Қазақстан кәсіпқой футбол лигасының басшысы Рохус Шох жұмыс сапарымен Түркістан қаласына барып, «Тұран» футбол клубының жұмысымен танысты. Сонымен қатар ол «Түркістан-Арена» стадионына барды, аталмыш аренада жергілікті клубтар Қазақстан OLIMPBET-Чемпионатының ойындарын өткізеді. Сапардың тағы бір мақсатыТүркістандағы футбол академиясының құрылысымен танысу.

-Түркістанда мен 70-ші жылдары Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне экскурсияға барған кезде оқушы едім. Қазір мен мүлдем басқа қаланы көрдім – заманауи, жасыл, бес жұлдызды қонақ үйлері және туристік инфрақұрылымы бар. Бұл қалада халықаралық әуежай және табиғи төсеніші баржаңа стадион салынған — бұл футболды дамытуға керек инфрақұрылым. Салынған инфрақұрылым еуропалық талаптарға сәйкес келеді және болашақта УЕФАаясындағы ойындарды қабылдауға мүмкіндік береді. Өткен жылы осы стадионда дренажға қатысты сұрақтар болғанын білемін, бірақ қазір төсеніштің жағдайы тамаша. «Түркістан-Арена» үлгісінде осындай стадиондар еліміздің басқа өңірлерінде де пайда болады деген үміттемін. Қалай болғанда да еліміздің жанкүйерлері осыны қалайды және осыған лайықты. Қазір қалада бес алаңы, қонақ үйі бар заманауи база салынуда. Футбол инфрақұрылымының әлеуметтік маңыздылығын түсінетін және осы құрылысқа өз қаражатын бөлген Бауыржан Әбдубаитовтың айтуынша, аталмыш база Шымкенттегі БИІК базасынан да жақсы болады. Футболмен айналысқысы келетін балалар өте көп, бірақ оларға жағдай жасау қажет. Сапарымның міндетті жоспары бойынша футбол орталығының бапкерлерімен кездесіп, балалар футболының жетекшісі Сава Ковачевичпен пікір бөлістім. Маған жас футболшыларды іріктеу мен дамытуды ғана емес, бапкерлерді дамыту мен даярлауды да қамтитын Академияның тұжырымдамасы ұнады. Өңірде сапалы бапкерлер құрамы болмаса, ешқандай инфрақұрылым мәселені шешпейді. Түркістанда футболдың болашағы зор деп ойлаймын. Облыс әкімі Өмірзақ Естайұлы Шөкеевтің атына жылы сөздер айтқым келеді, өкінішке орай олжұмыспен қамтылуына байланысты «Тұран»- «Шахтер» ойынына келе алмады. Бірақ Өмірзақ Естайұлы аймақта футболдың дамуына көп көңіл бөледі, оның көмегімен стадион салынды, базаның құрылысы және қазір салынып жатқан академияға жер бөлінді, біз сөзбен айтқанда, өңірде барлық жағдайлар жасалуда. Біз жергілікті федерация басшысы Хаким Кушкалиевпен кездестік, ол маған бұқаралық және балалар футболын дамыту бойынша үлкен жоспарларымен бөлісті. Маған оның оң көзқарасы ұнайды. «Тұран» ФК директоры Айбек Тлеужан футболды дамытуға деген көзқарасын атап өткім келеді. Ол «Air Astana» компаниясының басшылығы арқылы «Fly Arystan-мен» инвестициялық келісімшарт жасасу туралы өз бетінше келіссөздер жүргізген жас менеджер. Қазір команда ел чемпионатының барлық ойындарына тегін ұшады. Болашақта клуб серіктестері келісімшарт шарттарын жақсартып, клубтың жастар командаларын тегін тасымалдауға дайын. Бұл — отандық футбол клубтарына инвестиция тартудың жақсы мысалы. Бұл — заманауи тәсіл, - деді Рохус Шох.