KZ
KZ RU
28 наурыз 2022 19:38

Рохус Шох — ҚКФЛ президенті

28 наурыз 2022 19:38

28 наурызда Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы мүшелерінің жалпы жиналысы өтті. Күн тәртібіндегі мәселелердің бірі Лиганың жаңа президентін сайлау болды.

ҚКФЛ клуб-мүшелері бірауыздан Рохус Рохусович Шохты Лиганың жаңа басшысы ретінде 2 жылдық мерзімге таңдады.

Рохус Рохусович Жамбылда дүниеге келді. Футболшы ретінде «Химик» (Жамбыл), «Жетісу» (Талдықорған) және «Шахтер» (Павлоград) клубтарында ойнады.

Футболшы мансабын аяқтағаннан кейін «Днепр» клубына селекционер-бапкер лауазымына шақырылды. 1991 жылы Волгоград қаласына көшіп, онда жергілікті «Ротордың» бапкерлік штабына кірді, содан кейін клубта әр түрлі басқару лауазымдарында қызмет атқарды. Волгоградтық клубта 2004 жылға дейін жұмыс істеді.

2005 жылы ЦСКА (Мәскеу) футбол клубында техникалық директор ретінде жұмыс істеді. Сол маусымда мәскеулік клуб Ресей чемпионаты мен кубогының жеңімпазы атанды, сонымен қатар УЕФА Кубогын жеңіп алды.

Мәскеулік клубтан кейін ол «Роторға» қайта оралды, онда Рохус Рохусович директоры, содан кейін клубтың вице-президенті болды. Кейін «Урал» ФК (Екатеринбург) спорттық директоры болып жұмыс істеді.

2014 жылы Ресей футбол одағының Атқару комитетінің мүшесі болып сайланды.

2019 жылы РФО Бас хатшысы Александр Дюковтың өңірлік саясат жөніндегі кеңесшісі болып тағайындалды, сонымен қатар РФО Бұқаралық футбол комитетінің төрағасы қызметінде еңбек етті.