KZ
KZ RU
03 мамыр 2022 18:27

Рохус Шох: «Павлодарда Әкім жергілікті клубты қаржылық тұрғыдан ашық етуді міндеттеді»

03 мамыр 2022 18:27

Қазақстан кәсіпқой футбол лигасының Президенті Рохус Шох жұмыс сапарымен Павлодарға барды.

Сапар барысында Рохус Рохусович қаланың футбол инфрақұрылымының өзекті жай-күйімен танысты.  Қаланың инфроқұлымына жабық манежі бар «Жұлдыз» стадионы, «Sport City» базасы, сонымен қатар OLIMPBET-Чемпионаты 9-турының «Ақсу» - «Каспий» ойыны өткен Орталық стадионға кіреді.

Сондай-ақ, лига басшысы Павлодар футболының ардагерлерімен және футбол орталығының бапкерлерімен кездесті.

- Мен аймақтағы балалар мен жасөспірімдер футболына арналған инфрақұрылымға қанағаттанамын. Қалада футбол манежі бар, бұл солтүстік аймақтар үшін өте маңызды — балалардың жыл бойы өз шеберліктерін шыңдауға мүмкін жасалған. Мен әріптестеріммен осы инфрақұрылым негізінде үлкен футбол кластерін жасай отырып, интернаты бар академия және клуб үшін жаттығу базасын салуға болады деген пікіріммен бөлістім. Тағы бір алаң салу қажет болуы мүмкін. Сонымен қатар сапалы жасанды алаңмен жабдықталған «Жұлдыз» стадионында футбол орталығының бапкерлерімен жанды кездесу өтті. Мен сапар жасаған барлық өңірлерде балаларды жаттықтыратын бапкерлерде барлық мәселелер бойынша шешім бар екендігі ұнайды, біз олармен диалог құруға тырысамыз, бапкерлерді ашу, оларды адал және ашық әңгімеге бейімдеу маңызды. Мен он жылдан астам уақыттан бері таныс болып келе жатқан Павлодар футболының ардагерлерімен кездестім. Ал жастар футболы бағдарламасының жетекшісі Ойрат Садуовпен, ол «Қайрат» командасына жас жігіт болып шақырылған бастап 40 жылдай таныспыз. Аталмыш кездесулер жағымды болды. Садуов  — Павлодарда балалар футболын дамытуға жан салып, жұмыс жасайтын білікті маман. Оның футболшы және бапкер ретіндегі тәжірибесі клубқа пайдалы болатынына сенімдімін. Ойын алдында Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақовпен таныстым. Бір қуаныштысы, Павлодарда мен болған өзге аймақтардағыдай облыс басшысы белсенді түрде футболмен қызығады. Әбілқайыр Бақтыбайұлы ойындарға және жаттығуларға барады, клуб директорымен, бапкерлер штабымен, футболшылармен әрдайым байланыста болады. Біз онымен ұзақ уақыт сөйлестік, аймақтағы футболдың дамуы туралы пікір алмастық. «Ertis» командасымен болған жағымсыз жағдайдан кейін, оның еңбегінің арқасында қалаға үлкен футбол оралғаны үшін жанкүйерлер әкімге алғыс айту керек деп ойлаймын. Оның үстіне Павлодарда үлкен футбол дәстүрлері бар, егер КСРО кезін еске алатын болсақ, онда бірден бірінші кеңес лигасы мен Одақ Кубогында тамаша ойынымен есте қалған «Трактор» ойға келеді. Жалпы, маған «Ақсу» футбол клубында жұмыс қалай құрылғаны ұнайды, мекемеге футболды жақсы білетін және жақсы көретін жас менеджерлер тартылды, ең бастысы, әкім клубтың дамуы мен қаржылық тұрғыдан ашық болуын міндет етіп қояды. Облыс басшысы инфрақұрылымды дамытқысы келеді, жақын арада Академия салу жоспарлануда. Сондай-ақ осындай үлкен және еліміздің солтүстік аймағында орналасқан облыста, мүмкін Ақсу немесе Екібастұз қалаларының бірінде кем дегенде бір манеж қажет деген пікір бар. Орталық стадионға келетін болсақ, ол жылытумен жүйесімен жабдықталған жоғары сапалы жасанды алаң қуантады. Бұл ретте стадионның моральдық тұрғыдан ескіргенін атап өткім келеді, бірақ аренаны бірінші кезекте жанкүйерлердің жайлылығы мен қауіпсіздігі үшін қалыпқа келтіру қажет. Жалпы, жұмысты жақсартуға қажетті біраз мәселелерді шешу қажет, - деді Рохус Шох.