Рохус Шох: «Тарихыңды білмей болашаққа көз жүгірте алмайсың»
Қазақстан OLIMPBET-Чемпионатының 17-турынан бастап әрбір тур қазақстандық ардагер ойыншылардың атымен аталатын болады.
Қазақстанның қәсіпқой футбол лигасының президенті Рохус Шох «Қазақстандық футболдың алтын қорын» құру идеясы мен оның жүзеге асыру жолдары туралы айтып берді:
- Өкінішке орай, Қазақстан қалаларын аралап жүріп, қазіргі жастар отандық футболдың қаһармандарын, сонымен қатар қазақстандық футболдың тарихын қалаған есімдерді білмейтіндігіне көз жетті. Мақтан тұтуға тұрар тұлғалар бар. Бірақ қазіргі ұрпақ Кеңес одағы кезіндегі еліміздің Ионкин, Байшақов, Пехлеваниди, Ордабаев, Абгольц және басқа футболшыларын білмейді. Өз тарихыңды білмей, болашаққа мақсат құру қиын екенін түсіну керек. Осыған байланысты Қазақстан футбол федерациясы мен әріптестер тарапынан қолдау тапқан аталмыш ұсыныс пайда болды. Жанкүйерлерде біздің бастаманы қолдайды деген үміттемін.
Қазақстан OLIMPBET-Чемпионатының әрбір турына ардагер футболшының атын беру туралы шешім қабылданды.
Біз Шымкент футболының түлегі Фанас Салимовты еске алудан бастауға шешім қабылдадық. Былтыр 27 тамызда ол өмірден озды. Салимов Қазақстан футболының тарихында, Кеңес одағының дәуірінде, одақтың жастар және жастар құрамасы сапында ойнап, сонымен қатар егемен Қазақстанның тарихында елеулі із қалдырды. Салимов КСРО жасөспірімдер құрамасы сапында Еуропа чемпионатының жүлдегері, Одақтың олимпиадалық құрамасы сапында ірі халықаралық турнирдің жеңімпазы. Сонымен қатар сегіз жыл бойы КСРО чемпионатының жоғарғы лигасында «Қайрат» сапында өнер көрсетті. Биыл 17-26 тур аралығында 60-70 жылдары футбол ойнаған ардагерлердің есімдерін беру туралы шешім қабылданды.
Келесі маусымда да отандық футболдың дауына үлес қосқан ардагерлерді еске ала отырып, осы бастаманы жалғастыру жоспарлануда. Ойыншылар мен жанкүйерлердің қазіргі буыны тарихпен танысып, өткен ғасырдағы футбол қаһармандарын ұмытпағанын қалаймыз. Аталмыш жаңалықты футбол алаңындарында жарқын ойынымен есте қалған ардагарлердің ойынын өз көзімен көрген тәжірибелі жанкүйерлер де оң қабылдайды деген үміттеміз.