Рохус Шох жұмыс сапарымен Қостанайға барды
Қазақстан кәсіпқой футбол лигасының Президенті Рохус Шох Қостанай қаласына жұмыс сапарымен жасап, өңірдегі футбол инфрақұрылымының нысандарымен танысты.
Сапар барысында Рохус Рохусович Орталық стадионға, Екінші лига командалары арасындағы жарыстар өткетін «Затоболец» стадионына, «Тобыл» футбол клубының базасына және де OLIMPBET-Чемпионатының «Тобыл» - «Қайрат» ойыны өткен «Тобыл арена» стадионына барды.
Сонымен қатар ҚКФЛ президенті «Тобыл» футбол орталығының бапкерлерімен кездесіп, Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетовтың балалар және жасөспірімдер футболын және өңірдің инфрақұрылымын дамытуға көңіл бөліп отырғанын ерекше атап өтті.
- Архимед Бегежанұлына қатысты тек жақсы сөздер айта аламын. Мен Ресейде жұмыс істей отырып, ол туралы футболды және жалпы спортты жақсы көретін өте мықты басшы және әкім екендігін естідім. Қазір бұған көз жетті. Ол мемлекеттік тұрғыда ауқымды ойлайды, өңірде болашақ ұрпаққа көп қаражат бөлінеді. Мен Қостанайда ұзақ уақыт бойы болмадым, сол себепті спорттық инфрақұрылым мен қаланының өзгерістеріне таң қалдым. Біз футбол орталығының бапкер штабымен өте жақсы диалогқа қол жеткіздік, балалар мен жасөспірімдер футболын дамыту бойынша көптеген қызықты ұсыныстар айтылды. Біз клубтың спорттық директоры Нұрбол Жұмасқалиевпен және футбол орталығының жетекшісі Вячеслав Попыркомен осы мәселеде одан әрі бірлескен диалог құруға келістік. Лига барлық ұсыныстарды талдап, Қазақстан футбол федерациясына өз ұсыныстарын жектізеді, - деді Рохус Рохусович.