Рожков "жоқ" деді
Бес турдан кейін "Тараз" әлі де көш басында келеді. Ал жұрт фаворитке балаған "Ақтөбе", "Ертіс" "Тобыл" және "Астана" ұпай жоғалтуды жалғастыруда.
5-турдың орталық ойыны Астанада өтті. Матч барысында Павлодардың "Ертісінен" екі гол айырмашылығымен жеңіліп жатқан Олег Протасов шәкірттері қайсарлық танытып, соңғы минуттарда есепті теңестіріп кетті. Қонақтардың сапынан екі голды да Игорь Юрин соқты. Дегенмен, "Астана" сапынан Таңат Нөсербаев пен Михаил Рожков мергендік танытып, есепті теңестірді. Дегенмен, Давид Лория болмағанда қонақтардың бұл ойыннан бір ұпай алып қайтуы мұң болар еді.
"Бізге қазір бұл ойынды сараптап, қалайша жеңісті уысымыздан шығарып алғанымызды анықтауымыз керек. Бүгін "Астана" шабуылда жақсы ойнады. Олардың жігерлігі мен қысымы қорғаушыларымызды біраз састырды. Тең есеп әділ нәтиже болды", - деді матчтан кейін баспасөз мәслихатында "Ертіс" клубының бас бапкері Талғат Байсуфинов.
Сырт алаңында "Жетісудан" 0:2 есебімен жеңіліп қалса да, "Тараз" әлі де көш бастап келеді. Қонақтардың қақпасына екі допты да соққан Эдин Юнузовичтің бұл маусымдағы голдарының саны бесеуге жетті.
Түзде "Атыраумен" ойнаған "Тобыл" да жеңілуге шақ қалған. Бірақ жас дарын Бауыржан Жолшиев соққан голдың арқасында қостанайлықтар есепті теңестіріп кетті. "Ақтөбе" өз алаңында "Ордабасының" қамалын бұза алмаса, "Шахтер" Көкшетауда жергілікті "Оқжетпестен" 2:0 есебімен басым түсті.
Алматы дербиінде "Сұңқар" м "Қайрат" кездескен болатын. Өте тартысты өткен ойын Дмитрий Огай шәкірттерінің жеңісімен аяқталды. Шотландиялық легионер Стюарт Дафф Қазақстандағы алғашқы голын соқса, "Қайрат" сапында екінші голын соққан Йосип Кнежевич есепті 2:0-ге жеткізді. Жеңілгісі келмеген "Сұңқар" тіпті, орталық қорғаушысы Никола Тоневті де шабуылға жіберді. Бірақ нәтиже болған жоқ.
Ал "Ақжайық" Қызылордада "Қайсардан" басым түсті. Бірінші таймның қорытындысы бойынша 0:1 есебісмен жеңіліп жатқан қонақтар, Борут Семлер соққан екі голдың арқасында жеңіске жетті. Айта кетейік, Семлер былтырғы маусымды "Қайсарда" өткізген болатын.
UEFA.com