KZ
KZ RU
22 қараша 2022 11:52

Руслан Болов — 2022 жылғы маусымның Бірінші Лиганың үздік ойыншысы!

22 қараша 2022 11:52

Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасы Бірінші Лига клубтары арасында Қазақстан Республикасы Біріншілігінің үздік футболшысын анықтайтын сауалнаманы қорытындылап, жылдың үздік ойыншысын атады.

Аяқталған маусымның айларының сауалнамаларында жеңістердің саны бойынша 2022 жылғы маусымның үздік ойыншысы атағын көкшетаулық «Оқжетпестің» шабуылшысы Руслан Болов жеңіп алды. Ресейлің ойыншы өткен маусымның 7 айында (шілде-қазан аралығында) 4 рет үздік ойыншы атанды.

Сонымен қатар айдың үздік ойыншысы жүлдесін Марлен Айманов («Екібастұз», маусым айы), Адам Диалло («Қайсар», мамыр) және Санат Жұмаханов («Оқжетпес», сәуір) жеңіп алды.

Аталмыш жүлдеден бөлек Руслан Болов Бірінші Лиганың үздік сұрмергені және үздік шабуылшысы атанды.