KZ
KZ RU
10 қараша 2022 12:06

Руслан Болов - қазан айындағы Бірінші Лиганың үздік ойыншысы

10 қараша 2022 12:06

Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасы дәстүр бойынша 2022 жылғы маусымының қазан айының қорытындысы бойынша біріншіліктің үздік ойыншысын анықтау мақсатында Бірінші Лига командаларының бас бапкерлер мен капитандары арасында сауалнама өткізді.

Сауалнама қорытындысы бойынша Бірінші лиганың үздік ойыншысы болып көкшетаулық «Оқжетпестің» шабуылшысы Руслан Болов атанды., Ол қазан айында өткен ойындарда бір гол соғып, екі нәтижелі пас авторы атанды. Өзінің ойынымен ресейлік легионер «Оқжетпеске» маусымды турнир кестесінде бірінші орында аяқтауға көмектесті.

Сауалнамада екінші орынды Бауыржан Тұрысбек иеленді. «Жетісу» шабуылшысы командаға қазан айында 4 гол соғып, үш рет жеңіске жетуге және бір тең ойнауға көмектесті.

«Тараз-Қаратау» жартылай қорғаушысы Арсен Әшірбек үздік үштікті қорытындылады.

Кім кімге дауыс берді: