Руслан Болов — қыркүйек айындағы Бірінші Лиганың үздік ойыншысы!
Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасы дәстүр бойынша 2022 жылғы қыркүйек айының қорытындысы бойынша Біріншіліктің үздік ойыншысын анықтау мақсатында командалардың бас бапкері мен капитандары арасында сауалнама ұйымдастырды.
Сауалнама қорытындысы бойынша Бірінші Лиганың үздік футболшысы болып көкшетаулық «Оқжетпестің» шабуылшысы Руслан Болов атанды. Ресейлің ойыншы қыркүйек айында өткен кездесулерде 7 рет нәтижелі соққы жасап, сұрмергендер тізімінде өзінің көшбасшылығын нығайтты. Сонымен қатар ол командаға турнир кестесінде бірінші орында қалу көмектесті.
Екінші орынды Бауыржан Тұрысбек иеленді. «Жетісу» ФК шабуылшысы өткен айда 7 гол соғып, өз командасына үш рет жеңіске жетуге септігін тигізді.
Үздік үш ойыншының қатарына бұл жолы «Қайсардың» жартылай қорғаушысы Мақсат Байжанов кірді.
Кім кімге дауыс берді: