KZ
KZ RU
04 ақпан 2016 16:25

Руслан Гумар: «90-шы жылдары Екібастұз стадионы ылғи көп жанкүйер жинады»

04 ақпан 2016 16:25

Біздің сайтқа Руслан Гумар қиынға батқан 90-шы жылдарын еске алып, қазіргі чемпионатпен салыстырды.

- Руслан Викторұлы, сіз Қазақстан чемпионаттарда 400-ден астам ойын өткіздіңіздер. Еліміздің тәуелсіз бірінші чемпионаты сіздің есіңізде ме?

- Сол жылы өте қызықты футбол маусымы болды, деп ойлаймын. Себебі оған дейін тек Совет Одағының буферлік зонада ойнадық. Соған не бары төрт команда қатысты. Шынын айтсам, сол чемпионатта ойнауға ішіміз пысты. Ал 1992 жылы болса, нағыз бүкіл елдің чемпионаты өткізілді. Қателеспесем, сол жылы чемпиондық атақты алматылық «Қайрат» жеңіп алды.

- Иә, ол рас. Соған қоса, «Қайрат» Кубокты да жеңді.

- Азғантай болса да, есіме барлығы түседі. Алматылықтарға қарсы ойындарды ұмытпаймын, себебі мен оларға үйде де, қонақта да доп соқтым. 1992 жылдан бастап, «Қайратқа» өте жиі голдар соқтым. 

- Сосын олар сізді командаға шақырды ма?

- Жоқ, бірақ «Қайраттың» сапында Достастық Кубогында ойнадым. Сол турнирден кейін ресми түрде мені ешкім шақырған жоқ. Мүмкін ұсыныс клубқа келген шығар – соны айту қиын.

- Сол жылдары жанкүйерлер стадионға белсенді түрде барды ма?

- Иә. Мысалы, Екібастұз стадионының трибуналары ылғи толық болды. Осындай жағдайда ойнау біз үшін үлкен бақыт. Теледидардан чемпионаттың ойындарын өте сирек көрсетті. Бірақ, бірнеше жылдан кейін матчтарды жиі көрсетуге тырысты.

- Клубтардың бюджеттері қандай болды?

- Мен ол кезде жас болдым, сондықтан сондай мәселелер жайлы ойланған да жоқпын. Басқа қалаларға біз пойызбен немесе автобуспен бардық. 

- Ұшақпен бірінші рет қашан ұштыңыз?

- Қазір командаларымыз оқу-жаттығу жиындарын Түркия, БАӘ секілді елдерде жиі өткізеді. Ал 90-шы жылдарда біз Тәжікстанға жаттығуға бардық. Тек сол елге ұшақпен ұштық.

- Көптеген жылдар бойы бірніше командалардың сапында өнеріңізді көрсеттіңіз. Қай бапкер сізге ең көп әсерін тигізіп, ойыншы ретінде өсуіңізге жағдай жасады?

- Владимир Линчевскийді атаймын, себебі ол маған сеніп, үлкен футболға жолдаманы берді. Егер біз бірінші кезеңнен кейін ұтылып жатсақ, үзілісте Линчевский керек сөздер тауып, бізді дұрыс жолға бағыттай ала білді. Дмитрий Огай да мені көптеген нәрселерге үйретті. Мысалы, тәртіпті сақтау. Ол деген өте керек нәрсе. Осыны отыз жасқа келгенде ғана түсінесің.

- 1998 жылы сіз Ресей чемпионатында ойнадыңыз.

- Иә, Валерий Овчинников бастаған Нижний Новгород қаласының «Локомотив» командасының сапында ойнадым. Көп ойнаған жоқпын, тек бес ойын ғана. Бірақ ойыншылар үшін барлық жағдайлар жасалған. Тек футбол туралы ойлайсың, басқа еш нәрсе үшін басың ауырмайды.

- Осындай жағдайлар Қазақстанның қай клубтарында жасалды?

- «Ертіс», «Қайрат» және «Елімай» клубтары бай болған. «Екібастұз» командасын қарастырсақ, олар қатты ынталанудың  арқасында үлкен жетістіктерге жетті. «Ертіске» қарсы ойындар өте ымырасыз қүресте өтті, себебі клубтардың екеуі де Павлодар облысынан. «Шахтерға» қарсы ойындар да есіме жиі келеді.

- Қазіргі чемпионатпен салыстыра аласыз ба?

- Қазір стадиондар да, алаңдар да біршама жоғары деңгейде. Легионерлер де алыс шетелден клубтармен жиі келісім-шартқа отырады. Соларға қарап, жас футболшылар да өз ойынын дамытады. 

- Ұлттық құрама сапында 13 ойын өткіздіңіз. Солардың ішінде қай матчты бөле аласыз?

- Ирак еліне келгенде, бізді қонақжайсыз қарсы алды. Кішкене қорқынышты, себебі сол жылдары Иракта соғыс болды. Егер жеңсек, Қазақстанға оралмауымыз да мүмкін. Бірінші кезеңнен кейін есеп 0:1 олардың пайдасында, бірақ екінші таймда екі доп соғып, жеңісті тартып алдық. Тағы Өзбекстанмен қарсы ойыны да көз алдымда, себебі сол матчқа Халықаралық Олимпиада комитетінің президенті Хуан Антонио Саморанч ұшып келді. Барлықтарымызға қолын беріп, амандасты. Үйде фотосуретім де бар.

- Қазір немен айналысасыз?

- Жаңа ғана жаттығуды аяқтадым. Қазір Павлодар қаласының 2005 жылы туылған жас ойыншыларды футбол орталығында жаттықтырамын. 

Ербол Каиров