KZ
KZ RU
13 қыркүйек 2021 17:18

«Рузаевка» - № 8 БЖМОРСМ ойыны өткізілмейді

13 қыркүйек 2021 17:18

Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасы Екінші лига командалары арасындағы Біріншіліктің 18-турының «Рузаевка» - № 8 БЖМОРСМ ойынының өтпейтіні туралы хабарлайды.

Екінші лига командалары арасындағы Біріншілікті өткізу Регламентінің бұзылуына байланысты, атап айтқанда, аталмыш ойында «Рузаевка» футбол клубының ҚКФЛ тіркеген ресми өкілдердің, бапкерлердің және команда дәрігерінің болмауына байланысты «Рузаевка» - № 8 БЖМОРСМ ойынын өткізбеуге шешім қабылданды. «Рузаевка» футбол клубының тарапынан Регламентті жүйелі түрде бұзуына байланысты клубтың Біріншілікке одан әрі қатысуы туралы мәселені қарау мақсатымен барлық ақпарат ҚФФ Бақылау-тәртіптік комитетіне жіберіледі.