KZ
KZ RU
28 ақпан 2017 11:54

«Рузаевка» футбол клубы АИФА академиясымен өзара серіктестік туралы Меморандумға қол қойды

28 ақпан 2017 11:54

Енді академияның ең үздік шәкірттері «Рузаевка» клубында өнер көрсетуге мүмкіндік алып, осы клубтың дайындық топтарының жас ойыншылары және олардың жаттықтырушылары голландиялық әдіс бойынша жұмыс істейді.

- Бүгін біз үшін өте маңызды күн, - дейді АИФА академиясының өкілі Данабек Қалиаждаров. – «Рузаевка» командасы да, біз де алдымызда үлкен мақсаттар қоямыз. Осы бағытпен бірге жылжуға тырысамыз. Жас футболшыларға үлкен футболда ойнауға үлкен мүмкіндіктер де туғызылды.