KZ
KZ RU
10 ақпан 2012 13:47

«Сұңқар" болгар клубын жеңді

10 ақпан 2012 13:47

3:1 есебімен жерлестеріміз жеңіске жеткен ойында, қаскелеңдіктердің жаңа ойыншысы Милош Адамович дубль (26, 35 мин.) авторы атанды. Соңғы минутта Жігер Көкеев қарсылас қақпашысын сан соқтырды.

Бұл ойында "Сұңқар" алаңға мына құрамда алаңға шықты: Пасеченко, Сабиров, Әмірсейітов, Нахунек, Молдағалиев, Цветкович, Луис Родригес, Адамович, Никезич, Қалмұратов, Андреев.  Ал Кувшинов, Шурыгин, Шапурин, Көкеев, Седельников, Сүйінов, Турысбек, Мыңбаев, Тәжмағамбетов сынды жігіттер ойынға матч барысында араласты

Бүгін "Сұңқар" Алматыға ұшады. Дегенмен, қысқа мерзімді демалыстан соң маусым алдындағы соңғы жиынын өткізу үшін қайта Түркияға аттанады.


"Сұңқар" ФК баспасөз қызметі