KZ
KZ RU
07 қараша 2011 13:02

«Сұңқар» ФК марапаттау шарасы өткізілді

07 қараша 2011 13:02

Қарасай ауданы әкімінің орынбасары Еділ Қалиев алғашқы боп сөз бастады. Ол команда мүшелерін қол жеткізген жеңісімен құттықтап, аудандағы спортты дамытудың маңыздылығы мен жасөспірімдер мен халықтың өзге топтарының арасында футболды таратудың мәні жөнінде қысқаша баяндап өтті. «Сұңқар» ФК бастауында тұрған ҚФФ вице-президенті Виктор Георгиевич Катков екінші боп сөз алды. Ол өз сөзінде облыс пен аудан әкімшіліктері басшылықтарының Қазақстан Республикасында дене шынықтыру мен спорт саласының дамуына үлестерін атап өтіп, «Сұңқар» командасының басшылары мен мүшелерін Бірінші лига клубтарының арасындағы ҚР Біріншілігіндегі атаулы жеңісімен құттықтады.
Бұдан кейін Алматы облысы Спорт комитетінің атынан Асқар Қожабергенов сөйлеп, облыс пен аудан әкімдерінің қолдауымен оң дамып келе жатқан Алматы облысындағы футболдың жағдайын алға тартты. Бұл жағдай қоғам мәдениеті мен еліміздің алға ұмтылған жастарына салауатты өмір салтын ұстануына өте пайдалы.
Қорытынды сөз «Сұңқар» ФК бас бапкері Алмас Құлшынбаевқа берілді. «Сұңқар» ФК дамуына қолдау танытқан облыс пен аудан басшыларына алғыс айтып, алға қойған мақсатқа жетуде клуб басшысы Руслан Үмбетовтің атқарған қызметін де атап өтті. Және «Сұңқар» ФК ойыншыларына да алғысын жеткізді.
Сөз соңында команда атынан аудан Әкіміне «Сұңқар» ФК формасы мен ҚР Бірінші Лига Біріншілігінің жеңімпаздары «Сұңқар» ФК қолтаңбалары қойылған допты табыстады.

Аталмыш шара Қарасай ауданының Әкімінің орынбасары Еділ Қалиевтің, ҚФФ вице-президенті Виктор Катковтың, Алматы облысы Спорт комитетінің атынан Асқар Қожабергеновтің қатынасуымен «Сұңқар» ФК ойыншылары мен мүшелерін марапаттау сәтімен жалғасын тапты.


Кештің арнайы бөлімі тәмамдалған соң, жиналған жұрт эстрада жұлдыздарының концертін тамашалады. Жеңімпаздар құрметіне арналған банкет шараны қорытындылады!