«Сұңқардың» тағы бір жолдастық кездесуі
Екінші оқу-жаттығу жиынының аясында кеше "Сұңқар" өздерінің алғашқы ойындарын өткізді. Бұл жолы қаскелеңдіктерге Түркияның екінші лигасында өнер көрсететін "Afyon" клубы қарсылас атанды. Матч бойы екі командада бір-бірінің қақпасынан саңылау таба алған жоқ. Айта кетейік, қаскелеңдіктер бұл ойында қосалқы құраммен өнер көрсетті. Сондай-ақ, бапкер сынағынан өту үшін командаға қосылған легионерлер де алаңға шықты. Олардың арасынан молдовалық шабуылшы Анатолий Дорошты ерекше атап өтуге болады. Бұл ойыншы былтыр "Астана" және "Ертіс" клубтарының намысын қорғаған болатын.
2 ақпанға тағы бір матч жоспарланған. Жерлестерімізге Ресейдің бірінші лигасында өнер көрсететін Оренбургтің "Газовик" клубы қарсылас атанады. Ал жиын 10 ақпанға дейін созылады.
"Сұңқар" ФК баспасөз қызметі