KZ
KZ RU
20 ақпан 2012 11:00

"Сұңқардың" жаңа маусымдағы құрамы 100 пайызға белгілі

20 ақпан 2012 11:00

Белгіленген орнына күндіз келген команда кешкісін-ақ жаттығу өткізіп жіберіпті. Бұл жиында "Сұңқардың" бапкерлік кеңесі бірнеше жолдастық кездесу өткізуді жоспарлауда. Осы ойындар арқылы футболшылардың физикалық дайындығын, алаңдағы түсіністігін және тактикалық-комбинациялық жаңашылдықтарын шыңдап алмақ.
Ақпанның 17-сі мен 18-інде футболшылардың барлығы Анталияның жергілікті медициналық орталықтарының бірінен толық тексеруден өтті. Соған байланысты, бұл күндері команда тек жеңіл жаттығумен ғана шектелді.
Естеріңізге сала кетейік, біріншіліктің 1-турында "Сұңқар" өз алаңында Талдықорғанның "Жетісу" клубын қабылдайтын болады.
Ал үшінші оқу-жаттығу жиыны наурыздың 3-іне дейін жалғасады да, жаңа маусымға дайындықты жалғастыру үшін футболшылар Алматыға келеді.

Үшінші оқу-жаттығу жиынына Алмас Құлшынбаев шәкірттері толық құрамда, 100 пайыздық жиынтықпен аттанды. Жаңа маусымда команда намысын қорғайтын 25 футболшымен де келісімшарт жасалып қойды.

"Сұңкар» жаңа маусым құрамы:
Қақпашылар: Томислав Враньич («ХНК-Цибалия», Хорватия), Андрей Пасеченко, Виталий Кувшинов.
Қорғаушылар: Дәулет Өскенбаев, Олег Сабиров («Атырау), Тимур Молдағалиев, Евгений Нохрин, Асхат Мыңбаев («Жетісу»), Владимир Седельников («Атырау»), Ільяс Әмірсейітов, Никола Тонев («Волгарь-Газпром», Ресей), Станислав Нохунек («Михаловце», Словакия)
Жартылай қорғаушылар: Тимур Халмұратов, Милош Адамович ("Тараз"), Горан Цветкович («Инджижа», Сербия), Дәурен Сүйінов («Жетісу»), Луис Родригес («Ольборг», Дания), Александр Андреев, Антон Шурыгин, Жігер Көкеев, Әлімхан Тәжмағамбетов,
Шабуылшылар: Әлібек Бөлешев, Бауыржан Турысбек, Алексей Шапурин, Милош Никезич («Петровац», Черногория)
(жақшаның ішінде бұрынғы клубтары көрсетілген).

28 февраля – заявочный день ФК «Сункар» в Федерации Футбола Казахстана.


Пресс-служба ФК «Сункар»