KZ
KZ RU
25 мамыр 2012 13:19

Сұнқар ФК-ның бапкерлер кеңесіндегі өзгеріс

25 мамыр 2012 13:19

Жалпыкомандалық жиында "Сұңқар" футбол клубының директоры Үмбетов Руслан Мұхитұлы бапкерлер кеңесінің жаңа құрамымен таныстырды.


Сонымен, жалпыфизикалық дайындық жөніндегі жаттықтырушы Горовенко Константин мен бапкерлердің бірі Қадырқұлов Асхат клубтан кетті.


Бас бапкердің көмекшісі қызметіне Қожабергенов Асқар Сейдахметұлы тағайындалды.


Жалпыфизикалық дайындық жөніндегі бапкер қызметіне Бельский Анатолий Иванович тағайындалды.


Бұған дейін бас бапкердің көмекшісі қызметін атқарған Құлшынбаев Алмас Жақанұлы бапкер ретінде жұмыс істейтін болады.