KZ
KZ RU
11 мамыр 2018 09:20

Сәуір айының Үздік голын таңдаймыз

11 мамыр 2018 09:20
Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы (ҚКФЛ) 2018 жылдың сәуір айында Қазақстан Чемпионатында соғылған үздік допты анықтау мақсатында сауалнама жүргізеді.
 
Өткен айда барлығы Премьер-лиганың төрт туры ойналды. Осы төрт турдың үздік голдарының авторлары айдың үздік голын анықтайтын қорытынды сауалнамаға енді.
 
Естерңізге сала кетейік, «Ақтөбе» ойыншысы Хрвое Милишевичтің «Ордабасы» қақпасына салған голы төртінші турдың үздігі атанса, бесінші турда «Астана» жартылай қорғаушысы Бактиер Зайнутдинов добы жанкүйерлер көңілінен шықты. Алтыншы турдың үздігі – Асланбек Кәкімов голы. Жетінші турда Милан Радиннің «Қызыл-Жар СК» қақпасына салған голы үздік деп танылды. 
 
Сауалнама 18 мамырда сағат 11:00-де аяқталады. 
 
Төменде сауалнамаға кірген барлық голдарды көруге болады: 
 
 
1. Хрвое Милишевич голы (Ордабасы – Ақтөбе 3:1)

2. Бактиер Зайнутдинов голы (Астана – Қайрат 1:1)

3. Асланбек Кәкімов голы (Шахтер – Ақтөбе 1:1)

4. Милан Радин голы (Ақтөбе – Қызыл-Жар СК 2:0)